Жоғары қарай шарлау
Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыАрмения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін Еуразиялық экономикалық одақ
Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін Еуразиялық экономикалық одақ
  • EEC
    • Комиссия құрылымы
      • Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін Еуразиялық экономикалық одақ
Армения Республикасының,
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының,
Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының
Еуразиялық экономикалық одағы
182,7 млн. адам
20 млн. шаршы км астам
әлемдік құрлықтың 14%-ы
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин

«Біз алдымызға шамшыл міндет қойып отырмыз — Еуразиялық одаққа шығу. Біз қазіргі заманғы әлемнің полюстерінің бірі болуға қабілетті, қуатты ұлттықтан жоғары бірлестік модельін ұсынамыз.

Табиғи ресурстарын, капиталдарды, күшті адамзат әлеуетін біріктіру Еуразиялық одаққа индустриалды әрі технологиялық бәйгеде, инвесторлар үшін, жаңа жұмыс орындарын және озық өндірістерді құру үшін жарыста бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігін береді. Басқа өзекті ойыншылармен және аймақтық құрылымдармен қатар ғаламдық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Біздің елдеріміз тек бірге ғана ғаламдық өсу және өркениет прогрессінің көшбасшыларының қатарына кіруге, сәттілікке жетуге және өркендеуге қабілетті».

География

• Аумағы — 17,1 млн. км2
• Халқы — 146,3 млн. адам
• Астанасы — Мәскеу, 12,1 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштері

Жалпы ішкі өнім 2017 жылы 1 577,9 млрд АҚШ долларын құрады, 2011 — 2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны — 101,5%.

2017 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі (меншік өндірістің жөнелтілген тауарларының көлемі)— 980,7 млрд АҚШ доллары, 2011-2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны — 102,5%.

- 2017 жылы мұнайды өндіру, газ конденсатын қосқанда — 546,5 млн тонна, халықтың жан басына шаққанда — 3 722 кг.

- 2017 жылы табиғи газды өндіру— 690,5 млрд м3, халықтың жан басына шаққанда — 4 702 м3. 2017 жылы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі — 96,9 млрд АҚШ доллары, 2011 — 2017 жылдар ішінде өсудің орташа жылдық қарқыны — 105,9%.

Қосымша

Аса ірі өзендер, мемлекет аумағы бойынша созылуы, км: Лена – 4337, Енисей (Ангарамен) – 3 844, Волга – 3 694, Обь – 3 676, Амур – 2 855

Аса ірі көлдер, мың км2: Каспий теңізі – 371, Байкал – 31,5, Ладожское – 17,7, Онежское – 9,7

Теңіз деңгейінен ең үлкен биіктік: Эльбрус тауы – 5 642 м

Орташа айлық температура: қаңтар: 0° С, -5° С (Солтүстік Кавказ) бастап -40° С, -50° С дейін (Саха Республикасының шығысы (Якутия); шілде: + 1° С (Сібірдің солтүстік жағалауы) бастап + 24-25° С дейін (Каспий маңы ойпаты)
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан, Ресей мен Белоруссияның Кеден одағы тарихта алғаш рет өзара құрмет, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтау және ортақ болашақтың беріктігін ұғыну негізінде елдеріміздің халқын жақындастырады.

Кеден одағының біртіндеп Біртұтас экономикалық кеңістікке, ал уақыт өте — Еуразиялық экономикалық одаққа түрленуі халықтарымыздың өркендеуі үшін қуатты түрткі болады, елдерімізді ғаламдық әлемдегі жетекші ұстанымдарға шығарады.

Біз барлығымыз, ортақ бай өткен шақ тәжірибесі ғана емес, бөлінбейтін ортақ болашақ тарихы бар, жаңа бірегей еуразиялық ұлттар қауымдастығы құрылуының куәгерлері болып табыламыз».

География

• Аумағы — 2 724,9 мың км2
• Халқы — 17,4 млн. адам
• Астанасы — Астана, 853,0 мың тұрғын

Экономикалық көрсеткіштері

Жалпы ішкі өнім 2017 жылы 159,4 млрд АҚШ долларын құрады, 2011 — 2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық өсу қарқыны — 104,8%.

2014 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі— 69,5 млрд АҚШ доллары, 2011 — 2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны — 101,9%.

- 2017 жылы газ конденсатын қосқанда, мұнайды өндіру — 86,2 млн тонна, халықтың жан басына шаққанда — 4 779 кг.

- 2017 жылы табиғи газды өндіру — 53,2 млрд м3, халықтың жан басына шаққанда — 2 949 м3 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі — 12,6 млрд АҚШ доллары, 2011 — 2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны — 105,0%.

Негізгі өнеркәсіп салалары

Түрлі түсті және қара металлургия, химиялық, машина жасау, жеңіл, тағам өнеркәсібі, сонымен қатар мұнай өңдеу мен құрылыс материалдарын өндіру.

Қосымша

Аса ірі өзендер, мемлекет аумағы бойынша созылуы, км: Ертіс– 1 698, Есіл (Ішім) – 1 400, Сырдария – 1 400, Жайық (Орал) – 1 082

Аса ірі көлдер, мың км2: Каспий теңізі – 371, Арал теңізі – 41,0, Балқаш – 18,2

Теңіз деңгейінен ең үлкен биіктігі: Хан Тәңірі шыңы (Сарыжаз жотасы) – 6 995 м

Орташа айлық температура: қаңтар: -1,4° С (оңтүстікте) бастап -24,6° С (солтүстікте) дейін, шілде: +18,1° С (солтүстікте) бастап +30,6° С (оңтүстікте) дейін
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко

«Белоруссия үшін аса жақын көршілермен терең, өнімді ынтымақтасу табиғи даму жолы болған, бар және болады. Екі референдум абсолютті көпшілікпен билікке ықпалдасу үшін айқын мандат берді.

Одақты мемлекет шеңберіндегі ықпалдасу атқарымдары оларды аса кең, көп жақты форматты тиімді әрі сеніммен қолдану мүмкіндігін берді. Одақты мемлекет, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістіктің бір-бірін байытып, өзара толықтыруы маңызды.

Қазіргі таңда біз тағдыр шешті деп аталатын, шешімдерді іске асырудамыз. Ықпалдастықты табанды тереңдету сияқты нақты ниетіміз — кездейсоқ емес. Бұл өмірде болатын манифест тәрізді».

География

• Аумағы — 207,6 мың км2
• Халқы — 9,5 млн. адам
• Астанасы — Минск, 1,9 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштері

Жалпы ішкі өнім 2017 жылы 54,4 млрд АҚШ долларын құрады, 2011-2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны — 101,0%.

2014 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі— 48,1 млрд АҚШ доллары, 2011-2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны — 101,7%.

2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі — 9,4 млрд АҚШ доллары, 2011-2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны — 102,8%.

- 2017 жылы газ конденсатын қосқанда, мұнайды өндіру — халықтың жан басына шаққанда 1,7 млн тонна, халықтың жан басына шаққанда — 179 кг. - 2017 жылы табиғи газды өндіру — 0,2 млрд м3, халықтың жан басына шаққанда — 21 м3.

Негізгі өнеркәсіп салалары

Металлургиялық өнеркәсіп, машина жасау, метал өңдеу, химиялық және мұнай-химиялық, жеңіл, тағам өнеркәсібі.

Қосымша

Аса ірі өзендер, мемлекет аумағы бойынша созылуы, км: Днепр –700, Березина – 561, Припять – 495, Сож – 493, Неман – 436, Птичь – 421

Аса ірі көлдер, км2: Нарочь – 79,6, Освейское – 52,8, Червоное – 40,8, Лукомское – 37,7, Дривяты – 36,1

Теңіз деңгейінен ең үлкен биіктік: Дзержинский тауы – 345 м Орташа айлық температура: қаңтар: -4,8° С; шілде: +20,6° С
Армения Республикасының Премьер-Министрі Николя Пашинян

Біз тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің және капиталдың еркін қозғалысына іс-жүзінде қол жеткізу, сондай-ақ Одақтың құқығымен регламенттелген экономикалық ынтымақтастықтың артықшылық режимдерін енгізу мүдделерінде ЕАЭО бойынша серіктестермен белсенді өзара әрекеттесуге ниеттіміз.».

География

• Аумағы — 29,7 мың км2
• Халқы — 3,0 млн. адам
• Астанасы — Ереван, 1,1 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштері

Жалпы ішкі өнім 2017 жылы 11,5 млрд АҚШ долларын құрады. 2011-2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны - 104,9%.

2017 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі— 3,4 млрд АҚШ доллары. 2011-2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны - 109,5%.

2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі— 1,9 млрд АҚШ доллары. 2011-2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны - 106,2%.

Негізгі өнеркәсіп салалары

Сыртқы сауда көлемі (ағымды бағалармен) 2010 жылғы 4,7 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін көбейді, соның ішінде экспорт – 1 бастап 1,5 млрд. АҚШ долларына дейін, импорт – 3,7 бастап 4,4 млрд. АҚШ долларына дейін.

Қырғыз Республикасының Президенті

Сооронбай Жээнбеков



Жағрафия

• Аумағы 199,9 мың км2
• Халқы 5,9 млн. адам
• Астанасы Бішкек, 901 мың тұрғын

Экономикалық көрсеткіштер

Өнеркәсіптің негізгі салалары

Жалпы ішкі өнім 2017 жылы 7,6 млрд АҚШ долларын құрады. 2011 — 2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны — 105,6 %. 2017 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі — 3,4 млрд АҚШ доллары.

2011 — 2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны — 104,9%. 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі — 3,0 млрд АҚШ доллары.

2011-2017 жылдар ішіндегі өсудің орташа жылдық қарқыны - 102,8% - 2017 жылы газ конденсатын қосқанда, мұнайды өндіру — 0,2 млн тонна, халықтың жан басына шаққанда — 32 кг.

- 2013 жылы табиғи газды өндіру — 0,03 млрд м3, халықтың жан басына шаққанда — 4,8 м3.

Қосымша

Ең ірі өзендер, мемлекеттің аумағындағы ұзындығы, км: Шу - 1300

Ең ірі көлдер, мың км2: Ыстықкөл - 6

Теңіздің деңгейінен ең биік нүкте: Победа шыңы - 7 439 м

Орташа айлық температура:
қаңтар: -2,2° С бастап -29,1° С дейін
шілде: +4,1° С бастап +26,8° С дейін
Газ өндіру
КО мен БЭК бойынша барлығы
Газ өндіру
Әлемде II орында.

Әлемдік үлестің 19,3%.

Мұнай өндіру
КО мен БЭК бойынша барлығы
Мұнай өндіру
Әлемде I орында.

Әлемдік үлестің 14,5%.

Көмір өндіру
КО мен БЭК бойынша барлығы
Көмір өндіру
Әлемде VI орында.

Әлемдік үлестің 6,5%.

Электр энергиясын өндіру
КО мен БЭК бойынша барлығы
Электр энергиясын өндіру
Әлемде IV орында.

Әлемдік үлестің 5%.

Металлургия өндірісі
КО мен БЭК бойынша барлығы
Металлургия өндірісі
Шойын
Әлемде IV орында.
Әлемдік үлестің 4,8%.

Болат
Әлемде V орында.
Әлемдік үлестің 4,8%.

Машина жасау
Машина жасау
Әлемде VIII орында.

Әлемдік үлестің 2,2%.

Минералды тыңайтқыштар өндірісі
КО мен БЭК бойынша барлығы
Минералды тыңайтқыштар өндірісі
Әлемде II орында.

Әлемдік үлестің 4,3%.

Ауыл-шаруашылық өндірісі
КО мен БЭК бойынша барлығы
Ауыл-шаруашылық өндірісі
Картоп
Әлемде III орында.
Әлемдік үлестің 11,3%.

Бидай
Әлемде III орында.
Әлемдік үлестің 10,5%.

Ет
Әлемде VI орында.
Әлемдік үлестің 3,9%.

1704,5 мың. км
Автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы
КО мен БЭК бойынша барлығы
Автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы
Әлемде V орында.

Әлемдік үлестің 2,6%.

109,1 мың. км
Теміржолдардың жалпы ұзындығы
КО мен БЭК бойынша барлығы
Теміржолдардың жалпы ұзындығы
Әлемде III орында.

Әлемдік үлестің 7,3%.