Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіЕЭК Алқасының Төрағасы
Саркисян Тигран Суренович

Саркисян Тигран Суренович

1960 жылғы 29 қаңтарда туған.

1978 жылы №14 Ереван техникалық училищесін бітіріп, Еревандағы Халық шаруашылығы институтына түсті.  1980 жылы Н.А.Вознесенский атындағы Ленинград қаржы-экономика институтына ауысып, сонда 1983 жылы үздік диплом алды. 1987 жылы сонда аспирантураны аяқтап, «Арменияның мысалында өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау» атты диссертация қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты атағын алды.​

1987 жылдан бастап 1990 жыл аралығында – Экономика және жоспарлау ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, халықаралық экономикалық байланыстар тобының жетекшісі.

1990 жылдан бастап 1995 жыл аралығында – Армения Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Армения Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаржы-кредит және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, ЖК Төралқасының мүшесі.

1995 жылдан бастап 1998 жыл аралығында – Арменияның Банктер қауымдастығының президенті.​

1998 жылдан бастап 2008 жыл аралығында – Армения Республикасының Орталық банкі төрағасы.​

2008 жылдан бастап 2014 жыл аралығында – Армения Республикасының Премьер-министрі.

2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығында – АҚШ-тағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2016 жылғы 1 ақпаннан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы.

Армения Республикасы Президентінің жарлығымен 1 дәрежелі "Отан алдындағы еңбектері үшін" медалімен наградталды. "Анания Ширакаци" медалімен наградталды. Армян мемлекеттік экономикалық университетінің құрметті докторы атағын, Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің (СПбГЭУ) құрметті докторы.