Жүйеге кіру
Варданян Рузанна Альбертовна

Варданян Рузанна Альбертовна

1969 жылы 28 ақпанда Арменияда туған.

1990 жылы Ереван халық шаруашылығы институтын тауартану және азық-түлік емес тауарлар саудасын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірген. 

1990 жылғы қарашадан бастап 1994 жылғы сәуір аралығында Ереван қаласының В.Г. Белинский атындағы № 38 мектебінде географиядан сабақ берген.

1994 жылғы сәуір - маусым аралығында – Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Басқару және экономикалық реформалар институтының нарықтық құрылымдар және жекешелендіру тобының маманы.   

1994 жылғы шілдеден бастап 2016 жылғы қазан аралығында – Армения Республикасы Үкіметінің Аппаратында Экономика департаментінің жетекші маманы, бас маманы, Қаржы-экономика департаменті бастығының орынбасары, Қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы. 

Армения Республикасының бірінші сыныпты азаматтық қызмет кеңесшісі.

Армения Республикасы Премьер-министрінің Алғыс грамотасымен және естелік сыйлығымен марапатталған.

2016 жылғы қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы департаментінің директоры болып тағайындалды.​