Вход
EECКомиссия құрылымыҚызметіІшкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Варданян Гегам Левонович​

Варданян Гегам Левонович​

1982 жылғы 22 желтоқсанда Арменияда, Ереван қаласында туған.

Ресей-Армян (Славян) университетінің қолданбалы математика және информатика факультетін бітірген.

ЕЭК министрінің мемлекеттік билік органдарында жинақтаған жұмыс тәжірибесі бар. Соңғы уақытта Гегам Варданян Армения Республикасының Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрінің орынбасары, ал оған дейін Армения Республикасының Көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Оның ірі халықаралық компанияларда жұмыс істеген мол тәжірибесі бар. Он жылдан астам уақыт Гегам Варданян National Instruments басшылығы позицияларында болды. Бұл - автоматтандырылған тестілеу және модельдеу жүйелері үшін аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудегі әлемдік көшбасшылардың бірі. Сондай-ақ Гегам Варданян әртүрлі салалардағы кешенді инженерлік шешімдер бойынша өнімдер мен қызметтер көрсету ұсынатын YEA Engineering жетекші армян компаниясының бизнесті дамыту бойынша бағытына басшылық етті.

Армения Республикасының өкілін тағайындау туралы шешімді Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары 2019 жылғы 20 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қабылдады.