Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіЭнергетика және инфрақұрылым
Кайкиев Эмиль Абдыкалыевич

Кайкиев Эмиль Абдыкалыевич

1969 жылы 14 сәуірде  Қырғыз Республикасында туған.

1993 жылы  Қырғыз мемлекеттік университетін (физика-математика факультеті) бітірген.

1996 жылы  Қырғызстанның халықаралық университетін (халықаралық құқық) бітірген.

«Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі» дипломатиялық дәрежесі бар.

1997 жылдан  бастап 2013 жылғы шілде айына дейінгі аралықта  Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінде бірқатар лауазымдарды атқарды.  Соңғы лауазымы - Халықаралық-құқықтық департамент директоры.

2013 жылғы шілде айынан  бастап 2015 жылғы наурыз айына дейінгі аралықта  - Қырғыз Республикасы  Сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы міндетін атқарушы.

2015 жылғы наурыз айынан  бастап 2018 жылғы  ақпан айына дейінгі аралықта  – Қырғыз Республикасы  Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2018 жылғы 20 ақпаннан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр).