Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіӨнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Субботин Александр Михайлович

Субботин Александр Михайлович

1976 жылғы 23 мамырда туған.

1998 жылы Витебск мемлекеттік ветеринариялық медицина академиясын, 2000 жылы Халықаралық менеджмент институтын бітірген.

2001 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралықта Витебск мемлекеттік ветеринариялық медицина академиясының ассистенттігінен ғылыми жұмыс жөніндегі проректорына дейінгі жолдан өтті.

2011 жылы биология ғылымдары саласында паразитология проблемалары бойынша докторлық диссертация қорғады. Профессор атағы берілген. 300-ден астам ғылыми еңбектің (үш оқулық, тоғыз монография, жеті патент) авторы.

2014 жылдан бастап Беларусь Республикасы Президенті әкімшілігінің бас экономика басқармасы бастығының орынбасары болды.

2015 жылы Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары – Ветеринариялық және азық-түлік қадағалау департаментінің директоры болып тағайындалды.

2015 жылдан бастап Халықаралық эпизоотикалық бюроның Еуропа бойынша Өңірлік комиссиясының бас хатшысы болып табылады.

2017 жылдан бастап Беларусь Республикасы Президентінің көмекшісі – Витебск облысы бойынша инспектор қызметін атқарды.

2018 жылғы 13 қыркүйектен бастап Александр Субботин – Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр).