Жүйеге кіру
Бубен Станислав Брониславович

Бубен Станислав Брониславович

1966 жылы 23 маусымда туған.

1989 жылы В.В. Куйбышев атындағы Белорус мемлекеттік халық шаруашылығы институтын, 2002 жылы - Беларусь Республикасының Президенті жанындағы Басқару академиясын бітірген.

1984 жылдан 1986 жылға дейін - Кеңес Армиясы қатарында  болған.

1989 жылдан бастап 1992 жылға дейінгі аралықта  - Ф.Э. Дзержинский атындағы "Интеграл" ҒӨБ зауытында шебер, экономист болып қызмет еткен, Минск қаласы.

1992 жылдан 1996 жылға дейін - Минск облысының Столбцовский ауданының "Красное знамя" ұжымшарының аға экономисі, бас экономисі болған.

1996 жылдан 1998 жылға дейін - "Белагропромбанк" Беларусь акционерлік коммерциялық агроөнеркәсіптік банкінің кредиттеу басқармасының ауыл шаруашылығы бөлімінің экономисі, жетекші экономисі, Минск қаласы.

1998 жылдан 2014 жылға дейін -  Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі Аппаратының экономика секторының бас маманы, агроөнеркәсіптік кешен басқармасының экономика, кадрлық және сыртқы сауда қызметі секторының бас маманы, меңгерушісі, экономика және агроөнеркәсіптік кешенді реформалау бөлімінің меңгерушісі, агроөнеркәсіптік кешен бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары, бастығы, Минск қаласы.

2014 жылдан 2015 жылға дейін - Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі Аппаратының Басшысының орынбасары, Минск қаласы.

2015 жылғы қараша айында Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

Қосымша мәліметтер:

Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің екі Құрмет грамотасымен наградталған (2006, 2012)

2014 жылы "Еңбек сіңіргені үшін" медалімен наградталған