Жүйеге кіру
Халықаралық қызмет

Халықаралық қызмет

 


Халықаралық ынтымақтастық саласында конференциялар, семинарлар, сонымен қатар көрмелерде бірқатар қатысулар орын алды, олардың аясында экономиканың аграрлық секторындағы БЭК қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері, сонымен қатар өзара әрекеттесудің мүмкін болатын жолдары ашылды.

- V Астана экономикалық форумы, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін  Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік жасап отырған пайдалы тұстар жайында өткізілген «Кеден одағының елдері: бірыңғай ауыл шаруашылығы хабы» тақырыптық дөңгелек үстелінің отырысында (2012 жылдың 22-24 мамыры баяндамамен сөз сөйлеу;

- Халықаралық «Ресей мен ДСҰ: АӨК ықпал ету» конференциясы (Ресей Федерациясы, 2012 жылғы маусым) . Конференцияның қорытындысы бойынша Меморандумға қол қою арқылы БҰҰ Халықаралық ауыл шаруашылық және азық-түлік ұйымымен (ФАО) өзара пайдалы ынтымақтастық туарлы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыс жүргізілуде; (решение №169 от 13 августа 2013 года)​;

ABIC Biological Laboratories LTD халықаралық семинары, (Тель-Авив қаласы, Израиль, 2012 жылдың шілде, қазан айлары). Тәжірибенің  КО мен БК елдерінде қолданылу перспективаларын бағалау мақсатымен құс өсіруші кәсіпорындардың індеттік игіліктерінің қамтамасыз етілу тәжірибелерін зерделеу;

мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру саласындағы халықаралық кооперацияланудың артықшылықтары мен проблемаларын талқылау мақсатымен Еуразиялық көкөніс өсірушілер форумы (Гродно облысы, Беларусь Республикасы, 2012 жылдың тамыз айы);

-  Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Еуропалық конференция (Бельгия Корольдігі, 2012 жылдың қыркүйек айы), онда Еуропалық одақтың Бірыңғай аграрлық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру тәжірибелері зерделенді, сонымен қатар, Еуропалық комиссияның ауыл шаруашылығын және селолық аумақтарын дамыту бойынша Департаментімен ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды;

- «Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорымен (ИФАД) ынтымақтасудың негізгі бағыттары мен перспективалары» семинары (Ресей Федерация, 2012 жылдың қазан айы). Ауыл тұрғындарының қаржы қызметтеріне, нарықтарға, технологияларға, жер және басқа да табиғи ресурстарға қол жетімділігін жақсарту үшін ИФАД-пен ынтымақтасудың әлеуетті бағыттары талқыланды;

- I Халықаралық «ЕВРАЗЭС АГРО-2012» Конгресі (Ресей Федерациясы, 2012 жылдың қазан айы), Ресейдің ДСҰ қосылуынан КО мен БЭК елдеріндегі АӨК үшін жағдайлары мен ықтималды салдарлары талқыланды;

Сонымен қатар, төмендегі мәселелер бойынша агроөнеркәсіп саласындағы(меморандумдар, келісімдер)  өзара әрекеттесу (ынтымақтастық) туралы келіссөздер жүргізу жоспарланып отырған басымдылықты халықаралық ұйымдардың тізбесі дайындалды:

- агроөнеркәсіп өндірісінде аса жоғары және тұрақты өсімге қол жеткізуге бағытталған саясатты әзірлеу және оны жүзеге асыру;

- ауыл шаруашылығы өндірісінде, азық-түліктерді өңдеу, өткізу және үлестіру салаларындағы ғылыми және техникалық ақпараттармен, нормативтік құқықтық актілермен халықаралық алмасу;

- сауда және аграрлық өнімдер секторына  инвестицияларды тарту саласында жағымды жағдайлар жасау;

- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- азық-түлік өнімдері өндірісін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығына қаржылық және техникалық қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету;

- астық нарығын кеңейту;

- азық-түлік өнімдерінің өндірісінде тиімді технологияларды әзірлеп шығару;

- мал өсіру, құс өсіру, өсімдік шаруашылықтарына, өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтауға және пайдалануға қолдау жасау;

- ауыл шаруашылығында инженерлік жұмыстардың барлық түрін дамытуға қолдау жасау.​​​