Жүйеге кіру
Гаевский Игорь Владимирович

Гаевский Игорь Владимирович

Игорь Владимирович Гаевский 1962 жылы Донецк қаласында (Украина) дүниеге келген.
 
Білімі.
1987 жылы Минск мемлекеттік медицина институтын бітірген.
2007 жылы Беларусь Республикасы Президенті жанындағы академияны бітірген.
 
Жұмыс өтілі.
Игорь Владимирович Гаевскийдің алғашқы жұмыс орны Беларусь Могилев облысы Климовичи қаласында жалпы гигиена жөніндегі санитарлық дәрігер лауазымы болды.
1989 жылы ол Минск қаласына қоныс аударып, онда Республикалық гигиена орталығында радиациялық гигиена жөніндегі дәрігер қызметін атқарған.
1991 жылы Могилевский облысы Чериковский ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, 1999 жылы Могилевский облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалған.
2012 жылдан бастап Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметін атқарған.
2016 жылғы маусымнан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссия Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры.