Жоғары қарай шарлау
Жүйеге кіру
Слепнев Андрей Александрович

Слепнев Андрей Александрович

1969 жылғы 13 қыркүйекте Нижегород облысының Бор қаласында туған.

Андрей Слепнев Лобачевский атындағы Нижегород мемлекеттік университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын сақтандыру саласында бастады, осы салада еңбек еткен бірнеше жыл ішінде жоба жетекшісінен бастап Ресейлік автосақтандыру одағының бас директорына дейінгі қызмет жолынан өтті.

2003-2005 жылдары «Ресей Жұмыс берушілер бірлестіктерінің Үйлестіру кеңесі» одағы бас директорының орынбасары болып істеді.

2005 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі аралықта Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің Басым ұлттық жобаларды сүйемелдеу департаментінің бастығы болды.

2007 жылы Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, 2009 жылы Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылғы ақпаннан бастап 2016 жылғы қаңтарға дейінгі аралықта Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) болды.

2016 жылғы ақпаннан бастап 2018 жылғы сәуірге дейінгі аралықта Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д.А. Медведевтің көмекшісі, Ресей Федерациясы Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары – Ресей Федерациясы Үкіметінің Жобалау қызметі департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2018 жылғы мамырдан бастап 2020 жылғы ақпанға дейін «Ресей экспорттық орталығы» АҚ бас директоры болды.

Үйленген, үш баласы бар.