Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіСаудаІшкі нарықты қорғау департаментіҚайырып қою Жалпы ақпаратАрнайы қорғаныш, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің нормативтік құқықтық актілері
Арнайы қорғаныш, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің нормативтік құқықтық актілері

Арнайы қорғаныш, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің нормативтік құқықтық актілері​

АТАУЫ
ЕСКЕРТПЕЛЕР

2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім

(шетелдік мемлекеттерде шығарылған және Кеден одағының бірыңғай кеден кеңістігіне (КО КК) арналған тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізуге және қолдануға байланысты туындайтын құқықтық қатынастарын ретейтін базалық халықаралық келісім-шарт)

Үкімет басшыларының деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекет аралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғарғы органы)2010 жылғы 21 мамырдағы № 37 Шешіміне сәйкес 2010 жылдың 1 шілдесінде өз күшіне енді

2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (2011 жылғы 18 қазандағы)

(КО КК-де тергеу жүргізуге жауапты органның және Кеден одағы Комиссиясының өкілеттіктерін айқындайды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын, соның ішінде алдын ала баждарды төлеу, өндіріп алу, есептеу, бөлу және қайтару мәселелерін реттейді)  

Қол қойылған күннен бастап 2011 жылдың 18 қазанынан бері уақытша негізде қолданылады

Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығының Сыртқы​ саудадағы қорғау шаралары жөніндегі департамент тарапынан 2011 жылғы 18 қазандағы Хаттаманың басылымындағы Келісімнің жұмыс нұсқасын дайындалды

2010 жылғы 19 қарашадағы Өтпелі кезеңнің ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісім

(Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын КО КК-де тарату мақсатымен, оларды қайта қарау рәсімдерін және мерзімдерін айқындайды, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттер тарапынан соңына дейін аяқталмаған тергеулерді - 2010 жылдың 19 қарашасына дейін, яғни аталған келісімге қол қойылған күнге дейін аяқтау тәртібін айқындайды)

Үкімет басшыларының деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекет аралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғарғы органы) 2000 жылғы 19 қарашадағы № 59 Шешімімен қабылданды, 2012 жылдың 20 қаңтарында өз күшіне енді

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тергеулер мақсаттары үшін тергеу жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттама

(Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары тарапынан тергеулер мақсаттары үшін тергеу жүргізетін органға мәліметтерді ұсынудың құқықтық негіздерін қалыптастырады)

Үкімет басшыларының деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекет аралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғарғы органы) 2010 жылғы 19 қарашадағы № 59 Шешімімен қабылданды, 2011 жылдың 2 тамызында өз күшіне енді

Тергеулер жүргізуге жауапты органда құпия ақпарат пен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қолдану және қорғау туралы ереже

(құпия ақпарат пен таратылуы шектелген қызметтік ақпараттан тұратын құжаттарды пайдалану тәртібін айқындайды, және тергеулер жүргізетін органның тарапынан алынған және қолданылатын осындай ақпаратты қорғаумен байланысты қатынастарды реттейді)

Еуразия экономикалық комиссиясы Алқасының 2012 жылғы 7 наурыздағы № 1 шешімімен бекітілген

Еуразия экономикалық комиссиясының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының мәселелері жөніндегі шешімдерін қабылдау және шешімдерінің жобаларын дайындау реттемесі

(тергеулерді бастау және жүргізумен байланысты шешімдерді қабылдау және өзге де іс-әрекеттерді қабылдау тәртібін, сондай-ақ осындай тергеулердің нәтижелері бойынша қабылданатын Еуразия экономикалық комиссиясы шешімдерінің жобаларын дайындау тәртібін айқындайды)

2012 жылдың 7 наурызындағы № 1 Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен бекітілген

 Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 339 шешімі

(Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын өтпелі кезеңге айқындайды)

-

2012 жылдың 7 наурызындағы № 1 Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімі

(1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 802 шешімімен Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығының Сыртқы саудадағы қорғау шаралары жөніндегі департаментке жүктелген Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізуден бұрынғы тергеулерді жүргізуге жауапты органның өкілеттіктерін, Еуразия экономикалық комиссиясының Ішкі нарықты қорғау департаментіне тапсырады. 

2. Келесі құжаттарды бекітеді:

Тергеулер жүргізуге жауапты органда құпия ақпарат пен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қолдану және қорғау туралы ереже (қоса беріліп отыр);

Еуразия экономикалық комиссиясының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының мәселелері жөніндегі шешімдерін қабылдау және шешімдерінің жобаларын дайындау реттемесі (қоса беріліп отыр).

3. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 802 Шешімінің 1, 2 және 4-тармақтарын күшін жойған деп таниды)

-

Еуразия экономикалық комиссиясы Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 44 шешімі

(1. Еуразия экономикалық комиссиясының Ішкі нарығын қорғау департаментіне - Кеден одағына мүше мемлекетердің уәкілетті органдары тарапынан жүргізілетін тергеулерді белгіленген тәртіпте аяқтауға тапсырма береді.  
2. Тараптардан; құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ететін тәртіпті ұстана отырып, Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан Еуразия экономикалық комиссиясының Ішкі нарықты қорғау департаментіне құжаттар мен материалдардың берілуін қамтамасыз етуді сұрайды және тиісті мерзімдерді белгілейді.
3. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 802 Шешімін - 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап күшін жойған деп таныды)​

-


​​​​​​