Жүйеге кіру
ЕАЭО мемлекеттерінің Көлік министрлері Одақ шеңберіндегі көлік саясатын және Еуразиялық экономикалық одағы мен Жібек жолының Экономикалық белдеуін тоғыстыру мәселелерін талқылайды

ЕАЭО мемлекеттерінің Көлік министрлері Одақ шеңберіндегі көлік саясатын және Еуразиялық экономикалық одағы мен Жібек жолының Экономикалық белдеуін тоғыстыру мәселелерін талқылайды

4 желтоқсанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссиясы Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Тайыр Мансұровтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерінің көлік саласындағы өкілетті органдарының төртінші мәжілісі өтеді.

Мәжіліс барысында үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүргізу кезеңдері мен негізгі бағыттардың жобасын талқылау, 2016 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге ЕАЭО мүше мемлекеттерінің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылары жүктерінің басқа ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағында орналасқан бекеттер арасында автомобиль тасымалын орындауды кезең-кезеңімен ырықтандыру Бағдарламасы бойынша өтпелі кезеңнің іс-шараларын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Кеме қатынасы туралы келісім және Теміржол көлігінде қауіпсіздік сертификатын берудің тәртібіне және шарттарына жалпы көзқарастар жобасын әзірлеу туралы ақпарат қаралатын болады.

Сонымен қоса, Еуразиялық экономикалық одағы мен Жібек жолының Экономикалық белдеуін тоғыстыру мәселелері бойынша Одақ елдерінің өзара әрекеттестігі туралы мәселе күн тәртібіне шығарылатын болады.

Мәжіліс аяқталысымен баспасөз-брифингі өткізіледі. Журналистерді өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюға шақырамыз.

Баспасөз брифингі Мәскеу қ., Летниковская көш. 2-үй, 2-құр. мекенжайы бойынша, Алқаның залында өтеді. Басталуы 14.00.

Телекомпаниялардың өкілдері 12.00-ге хаттамалық бейнетүсірілімге шақырылады.

jnazarova@eecommission.org электронды поштасы арқылы немесе 8 (495) 669-24-00, қос. 41-47, +7-910-460-04-17 телефондары арқылы тіркелуге болады. ЕЭК баспасөз қызметінің қызметкері Юлия Назарова.

ТАӘ, лауазымды, БАҚ атауын хабарлау керек, сондай-ақ аппаратура тізімін ұсыну кажет. Қойылуы мүмкін сұрақтарды жолдаңыз.