Жүйеге кіру
Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы

Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы

15 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасянның төрағалығымен.

Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау жөніндегі  консультативтік комитеттің үшінші отырысы өтеді.

Отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің уәкілетті органдары басшыларының орынбасарлары мен лауазымды адамдары  қатысады.

Консультативтік комитеттің күн тәртібінде мынадай мәселелерді талқылау жоспарланады:
·         ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегия жобасы;

·         ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ұлттық сегменттерін құру мен дамыту және ортақ процестерді іске асыру мәселелері бойынша жалпы ақпараттық ресурстарды пайдалану;

·         Ортақ процестердің функционалдық құрылымын құжаттандыру;

·         Трансшекаралық сенім кеңістігіне қойылатын талаптар жобасы;

·         ЕАЭО туралы шартқа «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттамасы» атты №3 қосымшаны түзету бойынша ұсыныстар;

·         ЕАЭО-ның трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы.

Өткізу орны: Мәскеу қаласы, Смоленск б-ры,  3/5 үй, 1-құрылыс, 408-бөлме.

Басталуы: сағ.11.00 .