Жүйеге кіру
«Бірыңғай терезе» жөніндегі үйлестіру кеңесінің 3-отырысы

«Бірыңғай терезе» жөніндегі үйлестіру кеңесінің 3-отырысы

23 қарашада Мәскеуде Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Мукай Кадыркуловтың төрағалығымен сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі «бірыңғай терезе» тетігін дамытудың Негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі жұмыс тобының Үйлестіру кеңесінің 3-отырысы өтеді.

Отырыстың негізгі тақырыптарының ішінде – 2017 жылға арналған егжей-тегжейлі жоспар бар.

Оған қоса, Үйлестіру кеңесінің мүшелері Одаққа мүше мемлекеттерде «бірыңғай терезе» ұлттық тетігін дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты мәселелерді талқылайды.​