Жүйеге кіру
31 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Министрлерімен баспасөз конференциясы өткізіледі

31 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Министрлерімен баспасөз конференциясы өткізіледі

31 наурызда сағат 16.00-де Бішкекте ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Данил Ибраев пен ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменовтің бірлескен баспасөз конференциясы өткізіледі.

Министрлер Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) бірыңғай нарықтарды құру туралы өзекті мәселелерге жауап береді. Атап айтқанда, ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Министрі Данил Ибраев көлік және инфрақұрылым, энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыру бөлігінде интеграцияны дамыту мәселелерін түсіндіріп береді.  Бұдан басқа, ЕЭК Министрі Данил Ибраев ЕЭК Алқасы жанындағы Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитет отырысының қорытындыларын айтып береді.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО ортақ еңбек нарығын қалыптастыру шеңберінде еңбек көші-қоны саласындағы жүргізіліп отырған келісілген саясат жайлы, жұмыс күшінің еркін қозғалуы жолында кезігетін тосқауылдарды жою және халықтың еңбекпен қамтылуына  жағдайлар жасау туралы әңгімелеп береді.  Сонымен қатар ЕЭК Министрі жүргізіліп жатқан салық саясаты, ортақ қаржы нарығының жұмысын бастау үшін жағдайлар жасау, қызметтер көрсету мен инвестициялардың бірыңғай нарығын қалыптастыру, зияткерлік меншік саласында жүргізіліп отырған келісілген саясат туралы сауалдарға жауап береді.

Журналистерді 31 наурызда сағат 16.00-де өткізілетін баспасөз конференциясына қатысуға және қызықтыратын сұрақтарын қоюға шақырамыз.

Баспасөз конференциясы мына мекенжайда өтеді:  Бішкек қаласы,  Абдрахманов көшесі,  175-үй, «КАБАР» АА баспасөз орталығы.