Жүйеге кіру
ЕАЭО мен Чилидің өзара іс-қимылы «бестік» елдері бизнесінің қатысуын талап етеді

ЕАЭО мен Чилидің өзара іс-қимылы «бестік» елдері бизнесінің қатысуын талап етеді

Никшина Чили.jpg
10.10.2019

9 қазанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде ЕЭК-тің Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина мен Чили Республикасының Халықаралық экономикалық қатынастар министрінің орынбасары Родриго Яньес Бенитес алдағы өзара іс-қимылдың мүмкін болатын параметрлерін талқылады. Тараптар мүмкін болатын еркін сауда туралы келісім шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын бағалау жөніндегі жұмысты бастауға уағдаласты.

Еуразиялық «бестік» елдері мен Чили соңғы жылдары өзара сауданы айтарлықтай кеңейтті. 2018 жылы тауар айналымы 2017 жылмен салыстырғанда 31% – 1,2 млрд АҚШ долл. дейін өсті. Одақтың Чилиге экспорты 54,8% артты және 127,1 млн АҚШ долл. құрады, ал Чилиден импорт ұқсас кезең ішінде 28,7% – 1,1 млрд АҚШ долл. дейін дерлік артты. Чилидің жеткізілімдері негізінен мұздатылған балық (37,3%), мыс кені мен концентраттары (11,9%), шошқа еті (7,7%), балық сүбесі (5,5%) және шарап (4,0%) сияқты тауар топтарынан тұрады. Өзге тауарлардың үлесі – 33,6%. Осыған байланысты сауда құрылымын жақсарту жұмысы өзектілігін жоғалтпайды.

Чили тарапы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің Чили Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін Еуразиялық экономикалық интеграция ашып отырған негізгі артықшылықтарға өз пайымын ұсынды.

«Бұл дер кезінде ұсынылған ақпарат болып табылады. Дәл қазір біз еркін сауда туралы келісім жасасу мүмкін болатын басымдықты елдердің тізімін қалыптастырудың келесі циклын бастап жатырмыз», – деп атап өтті Вероника Никишина.

Чили Республикасының Халықаралық экономикалық қатынастар министрінің орынбасары Родриго Яньес Бенитес Чили үшін Одақ елдерімен ынтымақтастық басымдықты болып табылатынын, таяу болашақта ЕАЭО-мен сауда келісімін жасасуды өздері үшін мақсат етіп отырғандарын атап көрсетті.

 

Өз кезегінде ЕЭК министрі қажетті дайындық жұмысын жүргізе отырып, бұл бағытта ілгерілемелі қозғалыс қажеттігін атап өтті. «Егер бастапқы кезеңде біз ЕАЭО мен Чили Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың бірлескен стратегиясын тұжырымдасақ, сол дұрыс болар еді. Сауда жағдайларын жақсартудың да маңызы кем емес, алайда бізге тауар айналымын кеңейту үшін шешу қажет болатын мәселелердің неғұрлым күрделі кешенінің аз бір бөлігі әрине оның құрылымын жақсарту», – деді Вероника Никишина.

 

ЕЭК-тің Сауда жөніндегі министрі ЕАЭО-ның үшінші елдермен еркін сауда туралы келісім жасасу жұмысының тәртібін айтып өтті. Іс-қимыл алгоритмі бірнеше міндетті қадамдарды қамтиды. Бірінші кезеңінде Комиссия ЕАЭО-ның бес елінен ЕСА қалыптастыру үшін қалаулы әріптес елдер бойынша ұсыныстар жинайды, бұдан кейін сол немесе өзге елмен еркін сауда туралы келісім жасасудың ЕАЭО үшін экономикалық орындылығына зерттеу жүргізіледі. Бұл орайда ЕАЭО елдері бизнесінің позициясы өте-мөте маңызды. Бірақ зерттеу жүргізілгеннен кейін мандат алудың міндетті талабы ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттердің келіссөз жүргізу туралы консенсусы болып табылады. Осылайша, мұндай тректі құру, əдетте барынша көп уақытты алады.

 

ЕСА қалыптастырылған жағдайда Чили тарапы ЕАЭО-дан мұнай-газ, металлургия, химия және ауыл шаруашылығы саласы өнімдерінің жеткізілімдері артады деп болжауда.