Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт күшіне енді

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт күшіне енді

01.01.2015

1 қаңтар күні Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт күшіне енді. Шартпен экономикалық одақтың құрылуы бекітіледі, оның шеңберінде тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі, осы құжатпен және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен белгіленген, экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясаттың өткізілуі қамтамасыз етіледі. 

ЕАЭО туралы шартқа Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері 2014 жылдың  29 мамырында Астанада қол қойды. Осы үш мемлекеттен басқа 2014 жылдың 10 қазанында Одаққа қосылу туралы шартқа қол қойған Армения Республикасы және 2014 жылдың 23 желтоқсанында ұқсас Шартқа қол қойған Қырғыз Республикасы Одақ мүшелері болады. 

Еуразиялық экономикалық одақ халықаралық құқық субъектілігіне ие, аймақтық экономикалық ықпалдастықтың халықаралық ұйымы болып табылады. 

Одақ мүше-мемлекеттердің халқының өмірлік деңгейін арттыру үшін экономикаларын тұрақты дамытуға арналған жағдай жасауға, сонымен қатар ғаламдық экономика жағдайларында ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттігін жоғарылату, жан-жақты жаңарту және кооперациялауға арналған. 

ЕАЭО өз қызметін Одақ туралы шартқа сәйкес мүше-мемлекеттермен ұсынылатын құзыреттілік шегінде, мүше-мемлекеттердің егемендік теңдік қағидаттарын және олардың аумақтық тұтастығын қоса алғанда, жалпы танылған халықаралық құқық қағидаттарын құрметтеу негізінде; мүше-мемлекеттердің саясат құрылым ерекшеліктерін құрметтеу негізінде; өзара тиімді ынтымақтастықты, теңдікті қамтамасыз ету негізінде және тараптардың ұлттық қызығушылықтарын ескере отырып; нарықтық экономика мен әділетті бәсекелестік қағидаттарын қадағалау негізінде жүзеге асырады. 

Одақтың басты органы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) болып табылады, оның құрамына мүше-мемлекеттердің басшылары кіреді, ЖЕЭК отырыстары жылына кемінде 1 рет жүргізіледі. ЕАЭО органдарының құрылымын үкімет басшылары деңгейіндегі Үкіметаралық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Одақ соты қалыптастырады. 

Анықтама:

Одақ органдары:

Жоғары кеңес – құрамына Одаққа мүше-мемлекеттердің Президенттері кіретін, ЕАЭО-тың жоғары органы. 

Үкіметаралық кеңес – Комиссия кеңесінде шешімдер қабылдау кезінде консенсуске қол жеткізілмеген, еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерін қарайтын Одақ органы.

ЕАЭО соты –мүше-мемлекеттер мен Одақ органдарымен ЕАЭО туралы шарттың және Одақ шеңберіндегі өзге халықаралық шарттардың қолданылуын қамтамасыз ететін, Одақтың сот органы.

Еуразиялық экономикалық комиссия – Комиссия кеңесі мен Комиссия алқасын қалыптастыратын, Одақтың тұрақты қолданыстағы ұлттықтан жоғары реттеуші органы. Комиссияның негізгі міндеттері Одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сонымен қатар Одақ шеңберінде экономикалық ықпалдастық саласындағы ұсынымдарды әзірлеу болып табылады. 

Комиссия кеңесіне Одаққа мүше-мемлекеттердің Премьер-министрлерінің орынбасарлары кіреді. 

ЕЭК Алқасының құрамын Комиссия Төрағасы мен Министрлер қалыптастырады. 

КО мен БЭК кезеңдерімен салыстырғанда ЕАЭО туралы шарттың негізгі функционалдық қосымшалары:

ЕАЭО туралы шарт мүше-мемлекеттердің ортақ энергия нарықтарының (электрлі энергетикалық, газ, мұнай мен мұнай өнімдерінің нарығы) ортақ қағидаттары негізінде үйлестірілген энергия саясатын өткізу және қалыптастыру туралы келісімін бекітті. Құжатта бұл міндет бірнеше кезеңмен іске асырылады және 2025 жылға қарай толық аяқталады деп болжалған: электр энергияның ортақ нарығын қалыптастыруды 2019 жылға қарай аяқтау, ал көмірсулардың ортақ нарығын – 2025 жылға қарай аяқтау болжалады. 

ЕАЭО туралы шарт дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдардың айналымын реттеу режимін белгілейді – Одақ шеңберінде 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін дәрілік құралдардың ортақ нарығы мен медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) ортақ нарығы құрылады. 

Шартта ұзақ мерзімді келешекке Еуразиялық экономикалық одақтың аумағындағы көліктік саясаттың негізгі артықшылықтары белгіленген. Тараптар құрылып жатқан Одақтың аумағындағы көлік тасымалдарын қадаммен ырықтандыруға келісті, бұл бірінші кезекте, автомобильдік және теміржол көлігіне қатысты. 

Келісілген агроөнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Ықпалдастық өзара әрекеттесудің басқа салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылық өнімдеріне қатысты санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық-санитарлық салаларды қамтамасыз ету саласындағы саясатты іске асыру келісілген агроөнеркәсіптік саясаттың мақсаттары, міндеттері мен бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылуының маңызы аз емес. 

Еуразиялық экономикалық одақтың  тиімді жұмысын экономиканың теңдестірілген дамуына қол жеткізу мақсатында Одаққа мүше-мемлекеттердің бірлескен әрекеттерінің әзірленуін және іске асырылуын көздейтін, келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізусіз елестету мүмкін емес. Шартқа сәйкес келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізудің негізгі бағыттары Одаққа мүше-мемлекеттердің экономикаларының бірыңғай жұмыс істеу қағидаттарын қалыптастыру, олардың тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету, сонымен қатар Тараптардың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау үшін ортақ қағидаттар мен бағдарларды әзірлеу болып табылады. 

Заңнаманы қадаммен үйлестіру қорытындылары бойынша қаржы нарықтарының келісіп реттелуін қамтамасыз ету үшін ЕАЭО мүше-мемлекеттер 2025 жылға қарау Қаржы нарығын реттеу бойынша Бірыңғай ұлттықтан жоғары органды құруға шығу қажеттігімен келісті. 

ЕАЭО туралы шарт 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Одаққа мүше-мемлекеттермен белгіленген бірқатар секторларда бірыңғай қызметтер нарығы жұмыс істей бастайтынын болжайды. Бұл ретте ұлттық режим негіз болып қаланған, яғни мемлекет қызметтерді жеткізушіге және серіктес-елдерге қатысты толық құнды ұлттық режимді қабылдауға міндетті; қандай да бір шектеулер болмау керек. Одан әрі Тараптар осы секторларды, соның ішінде алып тастаулар мен шектеулерді кезеңмен қысқарту арқылы барынша кеңейтуге тырысады, бұл сөзсіз, еуразиялық ықпалдасу жобасын нығайтады. 

ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Одақ шеңберіндегі бірыңғай қызметтер нарығы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеспен мемлекет басшылары деңгейінде мүше-мемлекеттер мен Комиссияның келісілген ұсынымдары негізінде жұмыс істейді. Шарт негізінде 2014 жылдың 23 желтоқсанындағы  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен қызмет секторларының тізімдері бекітілген, онда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай нарық жұмыс істей бастайды. Қазіргі уақытта Белоруссия, Қазақстан мен Ресейдің ұсынымдары бойынша қызметтер тізіміне 40-тан астам қызмет секторлары енгізілуі мүмкін (құрылыс қызметтері, көтерме/бөлшек сауда саласындағы қызметтер, ауыл шаруашылығына қатысты қызметтер, соның ішінде егін егу, ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу, жинау және басқалары). Бірыңғай қызметтер нарығының ережелері қамтамасыз етілуі қажет секторлар тізбесі кезеңмен және келісіліп кеңейтілу керек. Бірыңғай қызметтер нарығы жұмыс істейтін қызмет секторларында қызметтерді жеткізушілер мен алушыларға ұлттық режим мен көбірек жағымды жағдай жасау режимі ұсынылады, сонымен қатар санды және инвестициялық шектеулер қолданылмайды. 

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Армения, Белоруссия, Қазақстан мен Ресей аумақтарында ортақ еңбек нарығы жұмыс істей бастайды; жұмыс күшінің еркін қозғалысы іске асырылады. Осы мемлекеттердің азаматтары бірыңғай жағдайда жұмыс істейді: ЕАЭО мүше-мемлекеттердің еңбек етушілеріне Одақ шеңберінде жұмыс істеуге рұқсат алу қажет болмайды. Ортақ еңбек нарығын құрғаннан бастап ЕАЭО елдерінің азаматтары Еуразиялық экономикалық одақтың артықшылықтарын тікелей сезе алады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап автоматты түрде дипломдар өзара мойындалады. ЕАЭО мүше-мемлекеттердің азаматтары-жеке тұлғалардың кірісіне салық жалға алынып жұмыс істеген алғашқы күндерінен бастап ішкі резиденттік мөлшерлеме бойынша төленеді. ЕАЭО елдерінің азаматтары, егер елде болу мерзімі кірген күннен бастап  30 тәуліктен аспаса, ЕАЭО елдерінің ішкі шекараларынан өткен кезде көші-қон карталарын толтырмайтын болады. Бұдан басқа, еңбек етушілер мен олардың отбасы мүшелері 30 тәулікке келу мерзімінде ішкі істер органдарында тіркелу (есепке алыну) міндетінен босатылады. 

ЕАЭО туралы шарттың басқа маңызды қосымшасы: әлеуметтік қамтамасыз ету, соның ішінде медициналық қызмет көрсету бөлігінде барлық төрт елдің азаматтары үшін ұлттық режимді қолдану мүмкіндігі. ЕАЭО шеңберінде әр елде мемлекетпен кепілдік берілген барлық медициналық қызметтер Одақ елдерінің барлық азаматтарына тең дәрежеде қол жетімді болады.  (Бірінші кезекте, жедел медициналық жәрдем бойынша тегін қызмет көрсету туралы сөз болып отыр).

Зейнетақыларға қатысты, ЕАЭО туралы шартта зейнетақылар экспорты мен Одаққа басқа қатысушы-елде жинақталған еңбек өтілін есепке алу мәселесін шешу міндеті қойылған. Қазіргі уақытта ЕЭК Тараптармен бірге Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартпен жұмыс істеу барысында, ол 2015 жылдан кейін күшіне енеді.