Жүйеге кіру
Ғаламтор желісінде Еуразия экономикалық одағының сайты жүзеге асуын бастады

Ғаламтор желісінде Еуразия экономикалық одағының сайты жүзеге асуын бастады

01.01.2015

1 қаңтардан бастап, Еуразия экономикалық одағының сайты (ЕЭО) келесі мекенжай бойынша  www.eaeunion.org. . іске қосылды. Сайт Одақтың барлық қатысушы-мемлекеттердің ана тілдерінде қол жетімді-армян, белорус, қазақ және орыс тілдері жатады. Сонымен қатар, сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасы қол жетімді.

Қорда Одақ туралы жалпы мағлұматтар келтірілген, соның ішінде ЕЭО өзекті, жалпы экономикалық көрсеткіштері, қатысушы-мемлекеттердің пайда қазбалары туралы ақпараттары ж.т.б. көрсетілген.

Сайтта ЕЭО қатысушы-мемлекеттер жөніндегі ақпараттар жиналған: Армения, Беларусия, Қазақстан және Ресей, негізгі статистикалық ақпараттар, сонымен қатар, ұлттық экономиканың басымдылығы туралы ақпараттар жарияланған.

ЕЭО басқару органдарының бөлімінде Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесі (ЖЕЭК), Еуразия үкіметаралық экономикалық кеңесі, Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК) және ЕЭО соты көрсетілген, пайдаланушылар Одақта қабылдану шешімі жөніндегі жүйе туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕЭО Одақтың нормативтік-құқықтық құжаттарының ресми жариялаушысы болып табылады. Құжаттарды жариялау Одақ сайтының төңірегіндегі ЕЭО Құқықтық порталында жүзеге асады. Қазіргі таңда онда КО және ЕЭК нормативтік-құқықтық қоры, соның ішінде ЕЭО туралы Келісім-Шарты, ЖЕЭК актілері, құжаттар жобалары және т.б. көрсетілген.

Қорлар бөлімінде ЕЭО барлық электрондық қорлары көрсетілген, соның ішінде қазіргі таңда ЕЭК және ЕЭО Құқықтық порталы, сонымен қатар ЕЭК порталының Ақпараттық-аналитикалық сайты қол жетімді және жүзеге асыру кезегінде тұрған ЕЭО сотының сайты жатады.