Жүйеге кіру
Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары С. Әлиев Еңбек көші-қоны бойынша бағдарламалар мен жобаларды дайындау және іске асыру бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты

Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары С. Әлиев Еңбек көші-қоны бойынша бағдарламалар мен жобаларды дайындау және іске асыру бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты

01.02.2013

29 қаңтар күні Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Ықпалдасу Комитетінің Көші-қон саясаты бойынша Кеңестің жанындағы Еңбек көші-қоны бойынша бағдарламалар мен жобаларды дайындау және іске асыру бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.

Жұмыс тобы Халықаралық көші-қон бойынша ұйыммен бірлесіп ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, іс-шараға Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы Тәжікстан Республикасының көші-қон саласындағы уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттерде еңбек көші-қонының жағдайы, соның ішінде ресейлік көші-қон заңнамасындағы шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану мәселелерін реттеу бөлігіндегі соңғы жасалған өзгерістерді есепке ала отырып қаралды.

С. Әлиев Жұмыс тобына қатысушыларды Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттерде көші-қон саласында ықпалдасу бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметі туралы, сондай-ақ ЕурАзЭҚ ЫК Хатшылығының жүргізіп отырған оңтайландыруын есепке ала отырып, Комиссияның құзыретінің ықтималды түрде кеңейтілуі перспективалары туралы хабардар етті.