Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысы болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысы болып өтті

01.02.2013

31 қаңтар күні Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК). Алқасының кезекті отырысы болып өтті. Сауда-саттық, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу, энергетика және инфрақұрылым саласындағы мәселелер қаралды.

ЕЭК сонымен қатар бірыңғай құжаттар бере отырып, Кеден одағы аясында сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізді.

Бұдан басқа, ЕЭК шешімімен кеден декларациясына Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» (ТР ТС 008/2011) және «Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (ТР ТС 009/2011) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжат қоса берілетін өнімдердің (бұйымдардың) тізбелері бекітілді.