Жүйеге кіру
Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары С. Әлиев «Экономикалық көші-қонды реттеу: шетелдік жұмыс күшін тарту, іріктеу және рұқсат берудің механизмдері мен тәжірибелері» семинарына қатысты

Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары С. Әлиев «Экономикалық көші-қонды реттеу: шетелдік жұмыс күшін тарту, іріктеу және рұқсат берудің механизмдері мен тәжірибелері» семинарына қатысты

01.02.2013

28-29 қаңтар күндері Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті директорының орынбасары С. Әлиев «Экономикалық көші-қонды реттеу: шетелдік жұмыс күшін тарту, іріктеу және рұқсат берудің механизмдері мен тәжірибелері» семинарына қатысты.

 Іс-шараларды Халықаралық көші-қон ұйымының Мәскеудегі Бюросы мен «Высшая Школа Экономики» Ұлттық зерттеу университетінің Демография Институты ұйымдастырды.

Семинарға Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы Тәжікстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының, Еуразиялық экономикалық комиссияның, Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері, сондай-ақ ресейлік және АҚШ-тан, Германия мен Италиядан келген халықаралық сарапшылар қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықтың тәжірибелік механизмдерін әзірлеп алу бойынша аймақтық диалогты жалғастыру болып табылып отыр.

Семинардың аясында С.Әлиев Халықаралық көші-қон ұйымының Мәскеудегі Бюросының директоры Златко Жигич мырзамен кездесті. Кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Халықаралық көші-қон ұйымының арасында алдағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға, сондай-ақ Тараптардың тәжірибелік жағынан өзара ықпалдасуын орнатуға байланысты мәселелер талқыланды.