Жүйеге кіру
ЕЭК Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында 2015 жылғы сол саладағы жұмысы мақұлданды

ЕЭК Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында 2015 жылғы сол саладағы жұмысы мақұлданды

27.01.2016

27 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссияның Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитетінің сегізінші отырысында ЕЭК-тың 2015 жылғы сол саладағы жұмысы мақұлданды. Консультативтік комитеттің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Комитеттің мүшелері Табиғи монополиялар проблемалары институты бас директорының орынбасары Александр Григорьевтің «Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің энергия тиімділігі саласындағы саясаты» баяндамасын тыңдады. А.Григорьев Одақтағы энергия тиімділігін құқықтық реттеудің тұжырымдамалық мәселелерін қозғады, энергия үнемдеу бойынша бағдарламалық құжаттардың іске асырылуындағы проблемалар мен энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы әңгімелеп берді.

Пікірсайыстың барысында іс-шараға қатысушылар табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзекті тақырыптарды түсіндіру үшін ЕАЭО елдерінің ғылыми қоғамдастықтары мүшелерінің Комитеті отырысында қатысуға шақырулар туралы бастаманы қолдады.

Мәселен, осы салада ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарымен дайындалған мәліметтердің негізінде дайындалған ақпарат, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын болады.