Жүйеге кіру
ЕЭК-те Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі жаңа министр тағайындалды

ЕЭК-те Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі жаңа министр тағайындалды

kamalyan.jpg
01.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Каджикович Камалян 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап жұмыс істеуге кірісті. Армения Республикасының бұл өкілін тағайындау туралы шешімді Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары 2019 жылғы 20 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қабылдады.

ЕЭК-тің жаңа министрі – экономист, педагог, профессор. Комиссияда қызметке тағайындалғанға дейін Артак Каджикович Армения Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, сондай-ақ Армения Республикасы Экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Артак Камалян К.Д. Глинка атындағы Воронеж ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген. 2000 жылы экономика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды. 140-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстың авторы.​