Жүйеге кіру
Михаил Владимирович Мясникович ЕЭК Алқасы Төрағасының міндеттерін атқаруға кірісті

Михаил Владимирович Мясникович ЕЭК Алқасы Төрағасының міндеттерін атқаруға кірісті

a9acc28b5fff7447cc21da70d15fdd21.jpg
01.02.2020

1 ақпанда белгіленген тәртіпке сәйкес Михаил Владимирович Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндеттерін атқаруға кірісті.

ЕЭК Алқасының Төрағасы жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті барлық, соның ішінде кадрлық шешімдерді қабылдады.

Михаил Мясниковичтің кандидатурасын Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары 2019 жылғы 20 желтоқсанда бекіткенін еске сала өткен жөн. Өткен жылдары Михаил Мясникович Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы, Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Ұлттық Ғылым академиясының басшысы лауазымдарын қоса алғанда, түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды.​