Жүйеге кіру
Михаил Мясникович пен Сергей Румас телефон арқылы сөйлесті

Михаил Мясникович пен Сергей Румас телефон арқылы сөйлесті

Телефонный звонок.jpg
01.02.2020

1 ақпанда белорус тарапының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің төрағасы, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Сергей Румас телефон арқылы сөйлесті.

Сергей Румас Михаил Мясниковичті қызметке кірісуімен құттықтады, содан кейін тараптар 31 қаңтарда Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қорытындысын талқылады. Сергей Румас пен Михаил Мясникович қабылданған шешімдерді іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі қадамдар туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, ЕЭК Одақ елдерімен бірлесіп әзірлейтін Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары туралы әңгіме болды.

ЕАЭО нарығындағы қазіргі бар тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жою тәсілдемелеріне айрықша назар аударылды.

2020 жылы Беларусь Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етеді.​