Жүйеге кіру
ЕЭК Ықпалдастықтың негізгі бағыттары және макроэкономика бойынша Министрі Татьяна Валовая БҰҰ ДБ Еуропа мен ТМД елдері Аймақтық Бюросының Директоры Джихан Султаноглумен кездесті

ЕЭК Ықпалдастықтың негізгі бағыттары және макроэкономика бойынша Министрі Татьяна Валовая БҰҰ ДБ Еуропа мен ТМД елдері Аймақтық Бюросының Директоры Джихан Султаноглумен кездесті

01.03.2013
28 ақпан күні Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия Ықпалдастықтың негізгі бағыттары және макроэкономика бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Татьяна Валоваяның БҰҰ Дамыту Бағдарламасының Еуропа мен ТМД елдері Аймақтық Бюросының Директоры Джихан Султаноглумен кездесуі болып өтті . Кездесудің барысында ЕЭК пен БҰҰ ДБ мүмкін өзара тиімді ынтымақтастығының жолдары талқыланды.
Атап айтқанда, Татьяна Валовая Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасын Кеден одағына қосылуға дайындауда қолдау жасауға бағытталуы мүмкін болатын, БҰҰ Дамыту Бағдарламасының сол елдердің аумағындағы жобаларын қолдау туралы ұсынысымен шықты.
ЕЭК Алқа Мүшесінің пікірінше, ынтымақтастықтың мүмкін бағыты - адамның әлеуетін дамыту саласындағы, сондай-ақ ықпалдасу процестерінің ықпалын есепке ала отырып, КО мен БЭК мүше мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуына жасалатын талдау материалдарын бірлесіп жасау болып табылады.
Тараптар ЕЭК пен БҰҰ ДБ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады, соның аясында өзара қызығушылық танытатын салаларда келісілген бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жүргізіле алады.
Анықтамалық ақпарат:
БҰҰ Дамыту Бағдарламасы қатысушы елдерге білімнің, тәжірибе мен ресурстардың бастауларына қол жеткізу жолымен адамдардың өміріндегі жағымды өзгерістерге қолдау көрсететін дамыту саласындағы БҰҰ жаһандық торабы болып саналады. БҰҰ ДБ әлемнің 166 елінің аумағында әрекет етеді, және де дамыту саласындағы жаһандық әрі ұлттық проблемалардың шешімдерін іздестіруде оларға жәрдемдеседі. БҰҰ ДБ Орталық Азия елдерінде, соның ішінде КО мен БЭК қосылуға үміткер мемлекеттер –Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасында адам әлеуетін, қоршаған ортаны және энергетиканы дамыту, тұрақты даму, кедейлікті қысқарту және тағы басқалары сияқты салалардағы жобаларының ауқымды портфелін іске асырып келеді.