Жүйеге кіру
ЕЭК Сауда-саттық бойынша Министр Андрей Слепнев ДСҰ сарапшыларына Комиссияның жұмысы туралы айтып берді

ЕЭК Сауда-саттық бойынша Министр Андрей Слепнев ДСҰ сарапшыларына Комиссияның жұмысы туралы айтып берді

01.03.2013
ЕЭК-ның ДСҰ-дағы алғашқы сөз сөйлеуі
 28 ақпан күні Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда-саттық бойынша Министрі Андрей Слепнев ресейлік делегацияның құрамында ДСҰ Бас Кеңесінің отырысына қатысып, ДСҰ-на мүше мемлекеттердің сарапшылары үшін ақпараттық семинар өткізді. Бұл кездесу ұлттықтан жоғары деңгейге табыс етілген құзыреттердің шегінде ДСҰ-на қосылу бойынша Ресейдің міндеттемелерінің орындалуына және де ұлттықтан жоғары реттеуші орган ретіндегі ЕЭК жұмысына арналды.
«Бұл дегеніміз, ұлттықтан жоғары реттеуші орган ретіндегі жұмысымызды ұсынуға және де мүдделі мамандармен тікелей байланыс орнатуға берілген жақсы мүмкіншілік - деді Андрей Слепнев іс-шара аяқталған соң. – ЕЭК ДСҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін ұстанады, және де мұндай кездесулер ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты сапалы түрде дамыта түсуге септігін тигізеді».
Бұл кездесуге ДСҰ мүше елдердегі тұрақты өкілдіктердің 100 астам сарапшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, соның ішінде миссиялардың да басшылары қатысты.
Сауда бойынша Министрдің (ағылшын тіліндегі) презентациясын мына сілтеме бойынша қол жетімді.