Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің қаржы ведомстволарының өкілдерімен ынтымақтасу жоспарларын талқылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің қаржы ведомстволарының өкілдерімен ынтымақтасу жоспарларын талқылады.

01.03.2016

29 ақпанда Мәскеуде ЕЭК Интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Татьяна Валоваяның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы Макроэкономика саясаты жөніндегі консультативтік комитеттің 7-ші отырысында Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің өңірлік тетіктері жөніндегі комиссияның ұсыныстары қаралды.

Отырысқа қатысушылар сонымен қатар, қиын экономикалық жағдайда ЕАЭО мемлекеттерінің экономикаларының тұрақтылығын арттыру мақсатында, макроэкономикалық және валюталық-қаржылық саясат салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, мүше мемлекеттердің экономикаларының алдындағы қысқа және орта мерзімді міндеттер, оларды шешу жолдарын талқылады.   

Отырысқа Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитеттің мүшелері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) мемлекеттерінің қаржы-экономиккалық блоктағы министрліктерінің, орталық (ұлттық) банктерінің өкілдері мен Комиссияның қызметкерлері қатысты.  Отырысқа Одақтың жаңа мүшелері - Армения мен Қырғызстаннан Консультативтік комитеттегі мүшелері алғаш рет қатыстырылды.

Кездесуге қатысушылар соңғы жылдардағы ерекшелік болған - бірқатар факторлар мен көрсеткіштердің жоғары ауытқымалылығы, солардың негізінде ЕАЭО елдерінде  бюджеттер жасалып, әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамдары әзірленіп отыратындығын айтып өтті.  Тараптар ЕАЭО мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын дайындау үшін қолданылатын болжамдардың сыртқы параметрлерінің сандық мәндеріндегі аралықтардың кемітілу мүмкіндігін талқылады. 

Тараптар нормасы ЕАЭО туралы Шартта көзделген өзара сауда болжамын қалыптастырудың тетігін әзірлеуге кірісуге уағдаласты.  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы №28 Шешімімен бекітілген Экономикалық дамудың негізгі бағыттарын іске асыруға деген көзқарастарды және Одақтың шеңберінде интеграциялық әлеуетті иеленіп отырған экономика салаларын белгілеп алу жөніндегі жұмыстардың орындалуы қағидаттары қаралды. Сонымен де, Одақтың қолданыстағы макроэкономикалық саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық базасын өзектендіру және одан әрі жетілдіре түсу қажеттігі туралы шешімдер қабылданды.

Орта мерзімді перспективада Комиссияның жоспарында – сандық әрі сапалық интеграциялық эффектілерді анағұрлым дәлдікпен есепке алып отыруға мүмкіндік беретін бірқатар зерттеулер жүргізіп, критерийлерді әзірлеу бар.  Осының барлығы да ЕАЭО шеңберінде интеграцияның индикаторларын бағалаудың жетілдірілген жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

«Өткен жылы ЕАЭО туралы Шартқа қол қою сәтіне қарай біз өзара сауда көрсеткіштері - интеграцияның эффектілері туралы өзіміз шешімдерді түйіндейтін шешуші фактор деп қабылдауға мәжбүр болдық. Бүгінде, бұл тұжырым дұрыс болмағаны сөзсіз, тіпті біржақты ғана көзқарас болғаны анық. Басқа да бірқатар критерийлерді ескеретін анағұрлым жетілген жүйе қажет болады», – деді ЕЭК Интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика Министрі Татьяна Валовая.

Отырысқа қатысушылар Комиссияның жұмысына, соның ішінде зерттеушілік әрі әдістемелік жұмысына оң баға берді. РФ ОБ Төрағасының Бірінші орынбасары Ксения Юдаева бұл аспектіні жеке атап өтті: «Комиссияның ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастыру әрі өткізу қызметіне өте жоғары баға беремін». Комитеттің Мүшелері Комиссия ендігі дайындап қойған немесе болашақта жоспарлап отырған зерттеулерінің нәтижелерімен алмасып отыру жайында уағдаласты.  

Консультативтік комитеттің мүшелері 2016 жылдың қазан айында Комитеттің кезекті отырысын өткізу жайлы уағдаласты.