Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Татьяна Валовая: «Өңірлік экономикалық интеграция – әлемдік экономика өсімінің негізгі драйверлерінің бірі»

ЕЭК Министрі Татьяна Валовая: «Өңірлік экономикалық интеграция – әлемдік экономика өсімінің негізгі драйверлерінің бірі»

29.02.2016

26–28 ақпанда Шанхайда (ҚХР) Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Татьяна Валовая «Халықаралық құрылымды қайта бағалау» және «Тұрақты жаһандық экономикалық өсім: стратегиялары, драйверлер мен  институттар» халықаралық форумдарға қатысып, сонда еуразиялық интеграцияның әлемдік экономикадағы рөлі жайлы әңгімелеп берді.

Іс-шаралар қаржылық «G20» отырысына арналып отыр. Ұйымдастырушылары ретінде Жаңартылған Бреттон-Вуд комитеті мен Қытайдың бірқатар беделді ғылыми-зерттеу орталықтары болды.

Өзінің баяндамасында Татьяна Валовая өңірлік экономикалық интеграция, сондай-ақ интеграциялық блоктардың арасындағы өзара іс-қимылды интитуционализациялаудың ықпалы әлемдік қаржы құрылымын сауықтыруға қабілетті екендігіне баса назар аудартты.  Ол Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін еуразиялық экономикалық интеграцияда қатысуы жаһандық экономикадағы проблемалардан келетін салдарларды мейлінше кемітуге мүмкіншілік беретінін атап айтты. 

«2015 жылы Одақтың үшінші елдермен сауда көлемдерінің құлдырауы 33,6% құраған, ЕАЭО шеңберіндегі ішкі сауда соншалықты қысқармаған – 25,8%, ол көбінесе  интеграциялық эффектілермен байланысты болып отыр», – деді ЕЭК Министрі.

Татьяна Валоваяның айтуынша, ЕАЭО дамуы екі өзара байланысқан тректерде - Одақтың әлемдік экономикаға интеграциялануы және интеграцияны тереңдету бойынша жұмыс жасаудың тиімділігімен анықталатын болады.

Анықтама:

Жаңартылған Бреттон-Вуд комитеті 1994 жылы құрылды. Халықаралық қаржылық және экономикалық құрылымды зерттеу саласындағы беделді ғылыми орталық болып табылып отыр.  Орталық банктермен, қаржы министрліктерімен және “Жиырмалық тобымен” тығыз ынтымақтастықта.  Қатерлерді және әлемдік экономикадағы проблемаларды талқылауға арналған жоғары деңгейлі семинарлар мен конференцияларды ұйымдастырып жүр.