Жүйеге кіру
ЕЭК Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті құрылды.

ЕЭК Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті құрылды.

01.03.2016

1 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымында Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаментінің құрылуын көздейтін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 1 Шешімі күшіне енеді. 

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі нарығында тосқауылдарды, алып тастауларды және шектеулерді реттілікпен әрі тиімді түрде жоюдың қажеттілігін ЕАЭО елдерінің Президенттері талай рет алға қойған болатын.   Тап осы мақсаттар үшін жаңа Департамент құрылып отыр, оның негізгі міндеті - тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалуын іске асыра отырып, Одақтың шеңберіндегі ортақ қызметтер нарығының құрылуын қамтамасыз ету. 

«Одаққа мүше мемлекеттер ортақ нарықтар құруға уағдаласқан экономикалық қызметтің салаларында, кәсіпкерлердің кедергісіз өзара сауданы жүзеге асырып отыруға құқы болады, – деді ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Карине Минасян. – Қазіргі уақытта  Комиссия өзара саудадағы тосқауылдарды, алып тастаулар мен шектеулерді жою үшін жаңа механизмдер әзірлеуде».

ЕЭК Министрінің айтуынша, алға қойған мақсаттарға тиімді түрде қол жеткізу үшін ЕАЭО бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерінің, әсіресе нарықтағы тосқауылдарға аса сезімтал болғандығын ескере жүріп, шағын және орта кәсіпорындар осы процеске белсенді қатысулары қажет болады.