Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян: «Үндістан орасан зор нарықты қамтиды, біздің кәсіпорындарымыз да сол нарыққа неғұрлым кеңінен қатысуды қалайды»

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян: «Үндістан орасан зор нарықты қамтиды, біздің кәсіпорындарымыз да сол нарыққа неғұрлым кеңінен қатысуды қалайды»

01.03.2019
1 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Үндістан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Бала Венкатеш Вармамен кездесуі болып өтті.
«Үндістанның экономикалық дамуы шын мәнінде әсерлендіреді. Біз тұрақты өсу елдің әлемдік экономикадағы позициясын сапалы тұрғыда өзгертеді деп ойлаймыз. Бұл ретте Үндістан орасан зор нарықты қамтиды, біздің кәсіпорындарымыз да сол нарыққа неғұрлым кеңінен қатысуды қалайды. Біз үнділік кәсіпкерлердің ЕАЭО нарықтарындағы үлкен белсенділігіне де мүдделіміз»,- деп мәлімдеді Тигран Саркисян. Бұл үшін уағдаласу керек. ЕЭК Алқасы Төрағасының сөзінше, тараптар диалогты, соның ішінде Үндістан мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою мәселесі бойынша жандандыруға әзір.
Тигран Саркисян елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты өрістету үшін жобаларды талқылауға бизнесті қазірдің өзінде неғұрлым белсендірек тарту керектігін атап өтті.
Кездесу барысында Үндістан Елшісі Үнді тарапының ЕАЭО-мен тездетіп келісім жасауға мүдделі екенін атап көрсетті. Венкатеш Варма Үндістанның ЕАЭО-ның барлық елдерімен өте серпінді және оң өзара іс-қимылы қалыптасқанын, ал қатынастарды ұлтүсті деңгейінде институцияландыру сауда және экономикалық байланысулардың өсуіне ықпал ететін болады деп хабарлады.
Алқа Төрағасы Тигран Саркисян тараптардың келіссөздерін қолдау мақсатында кәсіпкерлік қоғамдастықтар арасындағы диалог үшін қосымша алаңдар құруға болатынын айтты. Қазір мұндай алаң Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің қатысуымен биылғы қыркүйекте Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумы болуы мүмкін. Үндістан елшісі бұл ұсынысты қолдады және оны Үндістан тарапымен белсенді түрде пысықтауға әзір екендігін білдірді.
Анықтама
ЕАЭО елдері мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2018 жыл ішінде 2017 жылмен салыстырғанда 17,7% артты, Үндістанның сыртқы сауда айналымындағы үлесі 0,02 пп түсті. Үндістанмен тауар айналымының артуы 2018 жылы ЕАЭО-ның барлық елдерінде аталып өтті. Тауар айналымының неғұрлым жоғары өсу қарқыны Армения (58%) мен Қазақстанға (26,5%) тән, ең төмені - Беларусьте (3,9%). Қырғызстан мен Ресейдің Үндістанмен сауда көлемі тиісінше 15,2% және 17,3% артты.