Жүйеге кіру
ЕЭК өкілдері «Білікті инвестор-2013» Форумына қатысты

ЕЭК өкілдері «Білікті инвестор-2013» Форумына қатысты

01.04.2013

28 наурыз күні Мәскеу қаласында жыл сайынғы «Білікті инвестор-2013» VII форумы болып өтті. Оның жұмысына ЕЭК Қаржы саясаты Департаментінің директоры Бембя Хулхачиев, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның басқа да өкілдері, Ресейдің ФСФР мамандары, РФ Экономикалық даму Министрлігінің, сарапшылар қоғамдастығының, ғылыми топтардың өкілдері қатысты.

 

Форумға қатысушылар қаржы нарығын дамытудағы өзекті мәселелер бойынша пікірлерімен алмасты. Ол алаңда қаржы нарығын реттеудегі басты жаңашылдықтар, Ресейде мегареттеушіні құру бойынша жоспарлар, сақтандыру және зейнетақы нарықтарын дамытудың келешектері, активтерді сенімгерлік басқаруды дамытудың заманауи тенденциялары талқыланды.

Бембя Хулхачиев Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің ықпалдасқан қаржы нарығын құру бойынша ЕЭК жұмысы туралы әңгімелеп берді. Баяндамада Комиссияның қаржы нарығын реттейтін заңнамаларды келісу және үйлестіру қаржы нарығында ұлттықтан жоғары реттеушіні құру жоспарлары, сондай-ақ Кеден одағының и Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің экономикалық дамуына ықпалдастық процестердің тигізетін ықпалындағы роліне баса назар аударылды.

 

«Білікті инвесторларға арналған өзекті инвестициялық стратегиялар» тақырыптық секциясы аясында қаржы нарықтары бөлімінің бастығы Әмірбек Санкубаев «БЭК аясында ықпалдасқан қаржы нарығын дамытудың келешегі» баяндамасымен сөз сөйледі.