Жүйеге кіру
ЕЭК өкілдері «Еуразиялық ықпалдасу жолындағы Қырғызстан» халықаралық конференциясына қатысты

ЕЭК өкілдері «Еуразиялық ықпалдасу жолындағы Қырғызстан» халықаралық конференциясына қатысты

01.04.2013

29 наурыз күні Бішкек қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу және аккредиттеу Департаментінің өкілдері «Еуразиялық ықпалдасу жолындағы Қырғызстан» халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шара Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың және «Қырғыз-Ресей Экономикалық Кеңесі» Қауымдастығының қамқорлығымен болып өтті.

Іс-шаралар аясында ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу Департаментінің директоры Василий Бойцов «Ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің келешегі мен қатерлері» № 2 секцияның жұмысына қатысты, ал Департамент директорының орынбасары Арина Молокова – «Жеңіл өнеркәсіптің келешегі мен қатерлері»№ 3 секцияның жұмысына қатысты.

Конференция барысында келіссөздер процесінің Тараптары арасында Қырғызстанның салалар мен жалпы экономика тұрғысынан болжалды нәтиженің талдауы мен ұсыныстарды дайындауға негізделген Кеден одағына қосылуының балансталған сценарийін белгілеу бойынша диалогын қалыптастыруға баса назар аударылды.