Жүйеге кіру
ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу Департаментінің өкілдері мен Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі өкілдерінің арасында кеңес берулер өткізілді

ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу Департаментінің өкілдері мен Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі өкілдерінің арасында кеңес берулер өткізілді

01.04.2013

Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылу бойынша жұмыстары аясында техникалық реттеу мәселелері бойынша сараптамалық кеңесулер өткізіліп, онда Департамент директоры Василий Бойцовтың басшылығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу және аккредиттеу Департаментінің делегациясы қатысты.

Кеңесулерде Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің, Қырғыз Республикасының Экономика министрлігінің жанындағы Стандарттау және метрология орталығының, Бішкек сынақтар өткізу және сертификаттау орталығының, Қырғыз Аккредиттеу орталығының, сондай-ақ сертификаттау және сынақ зертханалары бойынша органдардың өкілдері қатыстырылды.

Кеңесулер барысында В.Бойцов: «Кеден одағының Техникалық реттеу саласындағы келісім-құқықтық базаға қосылу ықпалдасу тұрғысынан алып қарағанда, біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі болып табылады. Сауда-саттықтағы техникалық кедергілердің жойылуы келешекте Кеден одағы мен Қырғыз Республикасының арасындағы тауар айналымының өсуіне септігін тигізетін болады» - деп нақтылап айтты.

ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу Департаментінің өкілдері Кеден одағының техникалық реттеу саласындағы келісім-құқықтық базаға қосылуға, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттерде КО техникалық регламенттерінің қолданылуына және басқа да мәселелерге қатысты Қырғыз Тарапының сұрақтарына жауап берді. Кеден одағының Техникалық реттеу саласындағы келісім-құқықтық базасына Қырғыз Республикасының қосылумен байланысты нақты іс-шаралардың Жол картасы жобасына енгізілуі бойынша бірқатар ұсыныстар талқыланды. Оларды іске асыруға мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде кірісу алға қойылды.

Оның үстіне, ЕЭК Департаментінің өкілдері сертификаттау және сынақ зертханалары бойынша органдарының қызметімен, соның ішінде Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі аурулардың алдын алу және сараптау Департаментіндегі Микробиологиялық және молекулярлық-генетикалық зерттеулер Орталығының жұмысымен, Халық тұтынатын тауарлар, ыдыстары және қаптамалары Сынақ зертханасының, Машинажасау кешені мен жиһаз және тағы басқаларын сынау Зертханасының жұмыстарымен танысып шықты.

Сараптық кеңес берулердің қорытындылары бойынша КО техникалық регламенттерін қолдану мәселелері бойынша Қырғыз Республикасының бизнес-қоғамдастықтарын хабардар ету бойынша іс-шаралар да жоспарланды.