Жүйеге кіру
Ықпалдастықты дамыту Департаментінің директоры Виктор Спасский ТМД қатысушы мемлекеттердің тұрақты уәкілетті өкілдерінің бірлескен отырысына қатысты

Ықпалдастықты дамыту Департаментінің директоры Виктор Спасский ТМД қатысушы мемлекеттердің тұрақты уәкілетті өкілдерінің бірлескен отырысына қатысты

01.04.2013

28 наурыз күні Ықпалдастықты дамыту Департаментінің директоры Виктор Спасский Минск қаласында өткізілген ТМД жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД қатысушы мемлекеттердің тұрақты уәкілетті өкілдерінің және ТМД Экономикалық Кеңесінің жанындағы Экономика мәселелері бойынша Комиссияның бірлескен отырысына қатысып, «Еуразиялық ықпалдастық бірлестікті қалыптастырудың барысы» баяндамасымен сөз сөйледі.

Отырыстың барысында ТМД кеңістігіндегі ықпалдастық процестерін дамытудың мәселелері, сондай-ақ ТМД экономика саласында одан әрі өркендетудің тұжырымдамасын іске асыру бойынша негізгі іс-шаралар жоспарына қатысты мәселелер талқыланды.