Жүйеге кіру
Владимир Гошин: «Кеден органдары сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асырғанда мәліметтер табыс ететін бірыңғай терезе болуға тиіс»

Владимир Гошин: «Кеден органдары сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асырғанда мәліметтер табыс ететін бірыңғай терезе болуға тиіс»

01.04.2013

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Владимир Гошин 27 - 29 наурыз күндері Приволжье кеден басқармасына сапармен барды.

Сапар барысында Владимир Гошин Приволжье кеден басқармасының жұмысымен, әрі аймақтағы кедендік операциялардың сапа жүйесін, бақылау және басқару жүйелерінің қызмет етуіне байланысты соңғы жаңашыл әдістермен, сондай-ақ электронды құжат айналымы жүйесімен танысып, мәліметтерді өңдеудің аймақтық орталығында да болды.

 Сонымен қатар, Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) СЭҚ қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау бойынша Қоғамдық-Консультативтік кеңестің отырысына да қатысты. Ол өз сөзінде кедендік реттеу саласында сапа жағынан жаңа деңгей, тек сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен бірлескен, сындарлы жұмысының барысында ғана мүмкін болатынын айтты. Сонымен де, Министр «бір терезе» қағидатын іске асырудың тақырыбын қозғады.

 «Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырғанда, табыс етілетін мәліметтер бір мәрте ғана берілуі керек, алайда құзыреттеріне қарай барлығына да қол жетімді болуға тиіс. Кеден органдары сондай бірыңғай терезе болуы қажет. Кеден декларациясындағы мәліметтердің 95 пайызының өзі лицензиялар беруге де, басқа да рұқсат құжаттарын беруге де жеткілікті,» - деді Владимир Гошин.