Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Карине Минасян: «Армения ЕЭО басқа елдерімен тең бәсекелестік жағдайларында әрекет етуге, ілгерілеуге, өзінің көзқарастарын қорғай білуге тиіс»

ЕЭК Министрі Карине Минасян: «Армения ЕЭО басқа елдерімен тең бәсекелестік жағдайларында әрекет етуге, ілгерілеуге, өзінің көзқарастарын қорғай білуге тиіс»

01.04.2015

31 наурызда Ереванда «Еуразиялық интеграцияланудың келешегі: Арменияның көзқарасы» атты Халықаралық семинар шеңберінде ЕЭК Алқа Мүшесі (Министрі) Карине Минасян Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕЭО) Арменияның мүшелік ету мәнін және Одақтың бизнес-қоғамдастық пайдасына қарай Армениядан ЕЭО басқа мүше мемлекеттерініңаумақтарына тауар айналымын еш тосқауылдарсыз қамтамасыз ету қажеттілігі жайлы айтып берді.Армении на территорию других государств-членов ЕАЭС в интересах бизнес-сообщества стран Союза.

Семинарды ұйымдастырушылар Армян мемлекеттік экономикалық университеті (Ереван) және ТМД мемлекеттерінің Институты (Мәскеу). Іс-шарада Армения мен Ресей сарапшылары және ғылыми топтардың өкілдері қатысты.

Өз баяндамасында, Карине Минасян Еуразия экономикалық комиссиясы мен Арменияның мемлекеттік органдар алдында тұрған ең маңызды тапсырмалардың бірі ретінде – армян бизнес-қоғамдастығы Одақ мемлекеттерімен тікелей шектеулерді сезінбеуі қажеттігін атап айтты. «Тауарлар Армениядан ЕЭО басқа мемлекеттері аумағына кідіріссіз және еш тосқауылдарсыз жөнелтілуіне, тауар айналымын арта түсуге тиіс – деп ЕЭК Министрі сенімділікпен айтты. – Бұл әлі толық іске асырылмаған, алайда бейімделу кезеңі орын алатындығын ескерген жөн. Бара-бара келеңсіз жағдайлар кездесіп тұрады. Әлбетте, қазіргі уақытта Арменияның экспорттық әлеуетіне ресей рублінің құлдырауы және Ресей экономикасының әлсіреуі ықпал еткені мәлім. Алайда, бұл республиканың Одақтағы мүшелігіне еш әсер етпейтіндігін ұғынған жөн. Қайткен күнде де, мемлекет мұндай жайсыз әсерді сезінер еді. Бірақ қазір біз орын алатын мәселелерді ЕЭО серіктестіктерімен бірге – төртеуіміз талқылауға мүмкіндік алдық –және бұл жағдайдан шығу шешімін таба аламыз. Бұл ретте, Армения Одақтағы мүшелік өзіне беретін мүмкіндіктерді іске асыра алады».

Атап айтқанда, Карине Минасянның айтуынша, республикада барлық кооперациялық бағдарламаларға қосылу мүмкіндігі бар екендігін атап айтты. Қазіргі уақытта, автокөлік құрылысы саласында бағдарлама бекітілгендігі мәлім. Станок құрылысының және жеңіл өнеркәсіп саласындағы бағдарлама белсенді талқылану үстінде. «Армения үдеріске белсенді қатысуы және республика осы бағдарламалар параметрлеріне сай қатыса алатын сегменттері мен секторларын ұсынуы қажет, – деді ЕЭК Министрі. – Бұл ретте, Армения ЕЭО басқа елдерімен тең бәсекелестік жағдайларында әрекет етуге, ілгерілеуге, өзінің көзқарастарын қорғай білуге тиіс. Армения ЕЭО –на теңдестердің ішіндегі тең ел. Еуразия экономикалық комиссиясындағы барлық шешімдер консенсус негізінде қабылданатындығы кездейсоқ емес».