Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Сергей Сидорский: «Импорт алмастыру және бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру АӨК саласындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады»

ЕЭК Министрі Сергей Сидорский: «Импорт алмастыру және бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру АӨК саласындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады»

01.04.2016

31 наурызда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Сергей Сидорский және Одақтас мемлекеттің Мемлекеттік хатшысы Григорий Рапота Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі алқаларының бірлескен отырысына қатысты. Бірлескен алқада Ресей және Беларусь арасында 2015 жылғы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық дамуының және жұмыс жасауының қорытындылары қаралды және АӨК саласындағы одан әрі өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

Отырыста сөз сөйлей келе, ЕЭК Министрі Беларусь пен Ресейдің ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. «Мұны елдердің аграрлық өндірістің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жандандыру үшін жақсы үлгі деп санаймын. Еуразиялық одақ елдері іске асырып жатқан, келісілген агроөнеркәсіп саясаты дәл осыған бағытталған», - деп басып айтты Сергей Сидорский.

Алқаның қатысушылары Комиссияның ЕАЭО елдерінің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы болжамын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің және азық-түліктің негізгі түрлері бойынша ұсыныстар мен сұраныстардың болжамдарын қалыптастыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар болды. Сонымен қатар тұқым мен асыл тұқымды өнімнің бірыңғай нарықтарын, биотехнологиялар, тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласындағы техплатформаларды құру, аквадақылдар мен мелиорация саласындағы интеграциялық өзара іс-қимылды тереңдету бойынша ұсыныстар дайындау жөнінде хабардар болды.

Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестердің өзара толықтырылуы мәселелерін қозғай келе, ЕЭК Министрі Комиссияның әзірлемелерін тиімдірек пайдалануды ұсынды. «ЕАЭО мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің және азық-түліктің негізгі түрлері бойынша ұсыныстары мен сұраныстарының болжамдарын қалыптастыру ЕАЭО ішкі нарығында бәсекеге қабілетті өнімді өндіру және тұтыну көлемдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Болжамдау құралы интеграция процестерін тереңдетуге, мүше мемлекеттердің экспорттық мүмкіндіктерін, азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету жағдайын бағалауға ғана емес, импортты алмастыру үшін тауаша анықтауға және импортты алмастыру бойынша нақты бағдарламаларға шығуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Сергей Сидорский.   

Анықтама

Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі алқаларының бірлескен отырысы тұрақты түрде жылына бір рет өткізіледі.