Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Таир Мансуров МГИМО сөз сөйледі: «ЕЭО 2025 жылға қарай кең ауқымды жұмыс режиміне көшеді»

ЕЭК Министрі Таир Мансуров МГИМО сөз сөйледі: «ЕЭО 2025 жылға қарай кең ауқымды жұмыс режиміне көшеді»

29.05.2015

28 мамырда Мәскеуде ЕЭК энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Таир МансуровМГИМО Еуропа оқыту институтының – Ресей Федерациясының  министрлігінің және мекемелерінің 50 жуық тындармандары алдында еуразия кеңістігінде интеграциялық үдерістердің тарихы және дамыту келешегі туралы дәріс оқыды.

ЕЭК Министрі Еуразия экономикалық қоғамдастық (ЕЭҚ) қалыптасқандығы, оның органдар және ұйымдарының жұмысы, қалыптасу кезеңдері және Кедендік одақ (КО) ЕврАзЭО төңірегінде құрылған әрекеті және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК), Еуразия экономикалық одақ (ЕЭО) жұмыс бастамасы туралы айтып кетті.

Дәріс оқу барысында ол дүниежүзілік интеграциялық теоретикалық және практикалық аспекттеріне, экономикалық интеграцияның классикалық моделіне, еуразиялықтандыру теориясының негізгі жағдайларына, сонымен қоса, 1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы МГУ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған мемлекеттер арасындағы Еуразия одақ жобасына ерекше назар аударды. Осылайша, ол 1994 жылдан 2015 жылдың ортасына дейін еуразия кеңістігіндегі интеграциялық оқиғалардың толық ретроспективасын ұсынды.

Таир Мансуров еуразия интеграциялық бірлестіктерді құру барысында Еуропа одағының тәжірибесі қолданылғандығын, «біздің жағдайларға сыни қайта қарастырылған және бейімделгендігін» атап өтті. Оның айтуынша, «Еуропа одағының тәжірибесін ескеру ЕврАзЭО, КО, БЭК және ЕЭО қалыптастыруда жаңа әдінемелік шешімдерді қалыптастыруға және қолдануға мүмкіндік тудырды», деді, ол.

ЕЭК Министрінің сөз сөйлеу барысында ЕЭО туралы Келісім-Шартқа қол қою мен кіруге, сонымен қатар Одақ жұмыс істеуінен бастап мүше-мемлекеттері қол жеткізген артықшылықтарына ерекше назар аударды.

Министр Одақтың энергетика қорының жалпы нарығындағы энергетикалық саясатты қадағалау және кезеңдік қалыптастыруды жүргізуге бағытталған салалардың ЕЭК басқарылатын жүйелік жұмысына; автокөлік, ауа, су және темір жол транспорттары саласында келісілген саясатты жүзеге асыру, транспорттық қызметтердің жалпы нарығын және бірыңғай транспорттық кеңістікті қалыптастыру, транзиттік келешек жиынтығы; табиғи монополиялар субъектілер реттейтін әрекетінің бірыңғай қағидаттарын және жалпы ережелерін ескере отырып, Одақ мүше-мемлекеттерінде заңнаманы үндестіру  болып табылады.

Соның ішінде, Таир Мансуров 2015 жылдың 8 мамырында ел басыларымен қабылданған ЕЭО жалпы электр энергетикалық нарығын қалыптастыру Концепциясы және 2016 жылдан 2025 жылдар арасындағы жүктерді каботаждық автокөлік тасымалдауды кезеңдік ырықтандыру Бағдарламасы туралы сөз қозғады. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүше-мемлекеттер аумағында тіркелген тасымалдаушылар халықаралық автокөлік  жүк тасымалдауларын (екі жақты, транзиттік, басқа мүше-мемлекеттері арасында) рұқсатсыз негізде тасымалдауды жүзеге асырады. Жылдың соңына дейін газдың жалпы нарығын және мұнайдың және мұнай өнімдерінің жалпы нарықтарын қалыптастыру туралы концепциясын, кеме қатынастары туралы халықаралық келісім-шартты қабылдау жоспарланып отыр.

Таир Мансуровтың сөз сөйлеу қорытындысында оңай емес сыртқы жағдайларда Одақ жұмысының келешегін бағалаумен байланысты тындармандардың сұрақтарына жауап берді. «Бізге Одақ толық ауқымда өз күшіне әрекет етуіне үшін алдағы уақытта бірталай жұмыстарды атқару қажет, - ЕЭК Министрі атап өтті. – Экономикада және өзара саудада бірталай мәселелерді шешу, бұдан әрі интеграциялық үдерістерді нығайту қажет. Бұл біздің мемлекеттер экономикалық және қаржылық жүйенің дамуының әр түрлі деңгейде болғандығымен байланысты, оларда экономикада мемлекеттік қатысу үлесі ерекшеленеді, олар дүниежүзілік үдерістерге және тауарлардың, қызметтердің, несиелердің және инвестициялардың ғаламдық ағымдарына бірдей емес қатысады. Алайда, интеграциялық үдерістердің барлық қатысушыларының өзара тиімді әрекеттестігі нәтижесінде бұл мәселелер өз шешімін табады. Әлбетте, 2025 жылға қарай ЕЭО толық ауқымды жұмыс режиміне шығады».

Таир Мансуров кездесу қорытындысында кездесу  қатысушыларына «Евразийский проект Нурсултана Назарбаева, воплощенный в жизнь. К 20-летию Евразийского проекта. 1994-2014» және «Евразийская экономическая интеграция: опыт и перспективы» атты орыс және ағылшын тілінде 2014-2015 жылдарында жарыққа шыққан өз кітаптарын ұсынды.

Таир Мансуров МГИМО бару барысында институт ректоры Анатолий Торкуновпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар заманауи еуразия интеграциясын дамыту келешегін, ЕЭО-ның ЕО өзара әрекеттестігі, сонымен қатар ЕЭК және МГИМО арасындағы ықтимал бірлестік бағыттарымен байланысты сұрақтардды талқылады.