Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Татьяна Валовая: «Валюталық интеграциямен асығыстық қажет емес»

ЕЭК Министрі Татьяна Валовая: «Валюталық интеграциямен асығыстық қажет емес»

25.05.2015

22 мамырда Астанада VIII Астаналық экономикалық форум төңірегінде Еуразия экономикалық комиссиясының интеграцияның және макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Татьяна Валовая және Жаңартылған Бреттон-Вуд Комитетінің атқарушы директоры Марк Узанмен екі жақты кездесу өткізілді.

ЕЭК Министрі, Еуропа одағының валюталық-қаржылық интеграция саласында сарапшы ретінде дүниежүзілік экономикадағы интеграциялық үдерістердің даму жүрісінің қазіргі таңда еуропа аймағындағы мемлекеттердің мәселелері, сонымен қатар Еуразия экономикалық одақ (ЕЭО) төңірегінде қаржылық нарықтар жайғасымы және ырықтандыру жетістіктері туралы өз көз қарасымен бөлісті.

«Еуропалықтардың алдында өз уақытысында таңдау тұрды – алдымен экономикалық одақты құру, содан соң валюталық бірлестікті немесе керісінше құру, - Татьяна Валовая, айтып кетті. – Тарих көрсеткендей, валюталық интеграциямен асығыстық қажет емес, бұған себеп қазіргі таңда еуропа аймағындағы мемлекеттер мәселелері болып табылады. Біз еуразия интеграциясы төңірегінде экономикалық сәйкес келетін алғышарттарды құру және әрекет ететін бірыңғай нарық кең ауқымда бекітілуі тиіс, содан кейін ЕЭО төңірегінде валюталық одақты құру туралы сөз қозғау қажет».

Марк Узан ЕЭК Министрінің келісілген макроэкономикалық жайғасымының маңыздылығы, сонымен қатар қаржылық нарықтарда сәтті ырықтандыру үшін  бастапқы шарттар негізінде макроэкономикалық көрсеткіштердің конвергенциялық болуы және аймақтық интеграциялық блоктар төңірегінде валюталық интеграциясы туралы келісті. Сонымен қатар ол Жаңартылған Бреттон-Вуд Комитеті төңірегінде жүргізілетін сарапшы – аналитикалық жұмысы туралы баяндады.

Келіссөз қорытындысында Марк Узан Татьяна Валоваяны осы жылдың қазан жұлдызында Перуде өткізілетін Дүниежүзілік банк Топтары және Халықаралық валюталық қорының жылдық кездесуіне қатысуға шақырды және еуразия интеграция даму жүрісінің іс-шарасы туралы қатысушыларға баяндауды өтінді.

Анықтама:

Жаңартылған Бреттон-Вуд комитет ақпараттармен алмасатын, заманауи әлемдік қаржылық архитектурасын және Бреттон-Вуд институттарын (Дүниежүзілік банкіжәне ХВҚ) қайта қалыптастыру тақырыбына сәйкес сарапшы бағалауы мен көзқарастарының кең ауқымдағы алаңы болып табылады).