Жүйеге кіру
Елена Данилова ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Елена Данилова ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

IMG_3796.jpg
01.06.2020

Елена Владимировна Данилова 1963 жылғы 25 мамырда туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін және аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Ағылшын, француз және поляк тілдерін еркін меңгерген, неміс және испан тілдерін біледі.

1991 жылдан бастап Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі жүйесінде, Ресей Федерациясының Монополияға қарсы саясат мемлекеттік комитетінде жұмыс істеген. 2002 жылдан бастап 2020 жылға дейін Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінде басшылық қызметтерде болды. Сауда саясаты, Ресейдің ДСҰ-ға кіруі, сыртқы экономикалық қызмет саласындағы стратегиялық құжаттарды әзірлеу, РФ-тің шетелдердегі сауда өкілдіктері жүйесін дамыту, шетелдермен және ЕО-мен екіжақты ынтымақтастық, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл, Еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелері үшін жауапты болды.

2020 жылғы қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияға жұмысқа ауысты. Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

Ресей Федерациясы мен Француз Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградаларына ие.​