Жүйеге кіру
Татьяна Чеснокова ЕЭК-тің Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Чеснокова ЕЭК-тің Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Q42A2333-1.jpg
01.06.2020

Татьяна Николаевна Чеснокова 1980 жылғы 2 наурызда туған. Ленинград мемлекеттік облыстық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын «Қаржы және кредит» мамандануы бойынша бітірген.

2002-2011 жылдары Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметінде жұмыс істеп, бас маманнан құқықтық басқарма бастығының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

Еуразиялық экономикалық комиссияда 2012 жылғы маусымнан бастап еңбек етеді. Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалғанға дейін бәсекелестік саласындағы құқықтық қамтамасыз ету және әдіснама бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Ресей Федерациясы мемлекеттік азаматтық қызметінің 3 сыныпты кеңесшісі. Ресей ФМҚ құрмет грамоталарымен, «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» және «Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен наградталған.​