Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша министрі Тимур Сүлейменов ЕЭО туралы шарттың еңбек көші-қоны саласындағы негізгі ережелері туралы әңгімелеп берді

ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша министрі Тимур Сүлейменов ЕЭО туралы шарттың еңбек көші-қоны саласындағы негізгі ережелері туралы әңгімелеп берді

30.06.2014

26 маусым күні Астана қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) қатысушы-мемлекеттердің көші-қон органдарының басшылары кеңесінің 15-нші отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) туралы шарттың еңбек көші-қоны саласындағы негізгі ережелері туралы әңгімеледі.

Отырысқа ЕЭК, бірқатар ТМД елдерінің – Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстанның министрліктер мен ведомстволарының, ТМД құрылымдарының, сонымен қатар Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының өкілдері қатысты. 

Отырысқа қатысушылар ТМД қатысушы-мемлекеттерде қалыптасқан көші-қон жағдайын, сонымен қатар ТМД елдерінің көші-қон саясатының негізгі бағыттарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің үйлестірілуін – ТМД елдерінің көші-қон саласындағы ынтымақтастығының келісім-шарттық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды, 2015-2019 жылдарға арналған заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету бойынша ТМД елдерінің ынтымақтастық бағдарламаларын талқылады. ТМД елдеріндегі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбек ететін-мигранттарды ұйымдастырып қатыстырудың жалпы қағидаттары мен механизмдерін іске асыру бойынша екі жақты келісімдерді дайындау бойынша жұмыс қаралды. Отырысқа қатысушыларға үшінші мемлекеттердің азаматтарын және ТМД қатысушы-мемлекеттердің аумағына шығатын, азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алудың Бірыңғай жүйесін құру бойынша жұмыс барысы туралы хабарланды. Сондай-ақ, отырыста Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясы жанындағы орталықта қашқындар мәртебесі мен баспананы ұсыну мәселелері бойынша мамандарды оқыту бағдарламаларын енгізу мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, бірқатар ТМД елдердің көші-қон саласындағы оң тәжірибесі қаралды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының еңбек көші-қон үрдістерін реттеу бойынша тәжірибесі, Армения Республикасының реадмиссия туралы келісімін жасасу және имплементациялау саласындағы тәжірибесі, Әзірбайжан Республикасының Көші-қон кодексі.

ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша министрі Тимур Сүлейменов, ТМД қатысушы-мемлекеттердің Көші-қон органдарының басшылары кеңесінің отырысында баяндама жасай отырып, ағымдағы жылдың 29 мамырында Астана қаласында БР, ҚР және РФ президенттері қол қойға Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетінін атап өтті. 

ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, еңбек көші-қоны саласындағы құжатта келісімдер бекітілген, оларға сәйкес Одақ елдерінің азаматты ЕЭО туралы шартқа кез-келген қатысушы-мемлекетте еңбек қызметін жүзеге асыруға құқылы. Министр ерекшелеп өткендей, бұл ретте азаматтарға жұмысқа орналасатын мемлекетте еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу қажет болмайды.

Тимур Сүлейменов жұмысқа орналасатын мемлекеттердің азаматтары үшін де бірдей шарттарда және бірдей тәртіпте жүзеге асырылатын, ЕЭО мүше-мемлекеттердің еңбекшілерін әлеуметтік сақтандыру бойынша норма сияқты Шарттың жаңартпасын атап өтті.  Шартқа сәйкес мүше-мемлекеттердің еңбекшілері және отбасы мүшелеріне де, жұмысқа орналасатын мемлекеттің азаматтары үшін де бірдей шарттарда және тәртіпте тегін жедел медициналық көмек алу (төтенше және жедел үлгіде) құқығы ұсынылған. 

ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша министрі Тимур Сүлейменов атап өткендей, Шарттың маңызды жетістігі мүше-мемлекеттің еңбекшісімен бірге жұмысқа орналасқан мемлекеттің аумағында тұратын баласының мектепке дейінгі мекемелерге бару және жұмысқа орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес білім алуға құқықтарын бекіту болып табылады. 

Бұл ретте, ортақ еңбек нарығы шеңберінде азаматтарды зейнеткерлік қамтамасыз етуге байланысты мәселелер базалық Шартқа жекелеген келісімдерде шешіледі.

ЕЭК Экономика және қаржылық саясаты бойынша министрінің айтуы бойынша, жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бойынша қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылу маңыздығы кем емес. «Атап айтқанда, Одақ туралы шарттың негізіне құқықтық норма салынған, оған сәйкес бұдан бұрын болғандай 183 күн өткеннен кейін емес, жалдамалы жұмысының алғашқы күндерінен бастап КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің азаматтары – жеке тұлғалардың кірістеріне салық салудың бірыңғай шарттары қарастырылған», - деп әңгімеледі Тимур Сүлейменов.

Бұдан басқа, Шартта қандай да бір рәсімдерсіз білім беру туралы құжаттарды тікелей мойындау, еңбек нарығына рұқсат беру және ғылыми дәрежелері мен атақтарын мойындау тәртібі мәселелері бекітілген. ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, мүше-мемлекеттердің еңбекшілерінің жұмысқа орналасқан мемлекет аумағындағы еңбек өтілі жұмысқа орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың жалпы еңбек өтіліне есептеледі.