Жүйеге кіру
Кеден одағының Бірыңғай кеден аумағына тауарлар мен транспорттық құралдар келместен бұрын алдын ала ақпарат бермеу фактілерін азайту бойынша іс-шаралар

Кеден одағының Бірыңғай кеден аумағына тауарлар мен транспорттық құралдар келместен бұрын алдын ала ақпарат бермеу фактілерін азайту бойынша іс-шаралар

01.08.2013

30 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Владимир Скибаның төрағалық етуімен бейнеконференция режимінде жиналыс өткізілді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметкерлері Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік қызметі, Беларусь Республикасы Көлік және коммуникация Министрлігі мен Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі өкілдерімен бірлесе отырып, Кеден одағының Бірыңғай кедендік аумағына тауарлар мен көлік құралдары келместен бұрын алдын ала ақпарат ұсынбау фактілерін азайту бойынша іс-шаралар тізбесін талқылады.

30 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Владимир Скиба: «Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдары келместен бұрын алдын ала ақпарат беру міндетін енгізуге тиімді қол жеткізу үшін алдын ала берілетін ақпарат қаралған форматта және мәліметтер көлемінде болуы тиіс» ,- деп атап өтті.

Жиналысқа қатысушылар Кеден одағының Бірыңғай кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдары келместен бұрын алдын ала ақпарат бермеу фактілерін азайту бойынша негізгі іс-шаралар төмендегілер деп бөліп көрсетті:

- алдын ала ақпарат берілмеген тауарлар мен көлік құралдарын қауіптілік саласына жатқызу және аумағына тауарлар мен көлік құралдары келіп орналасқан Кеден одағына мүше мемлекеттердің қауіп-қатерді басқару жүйесі шеңберіндегі заңнамаларына сәйкес шараларды қолдану;

- аумағына тауарлар мен көлік құралдары келіп орналасқан Кеден одағына мүше мемлекеттердің қауіп-қатерді басқару жүйесі шеңберіндегі заңнамаларына сәйкес алдын ала ақпарат бермегені үшін жауапкершілік енгізу;

- Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына алдын ала ақпарат берілмеген тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге тыйым салу.

Талқылау қорытындысы бойынша Кеден одағының қолданыстағы құқықтық актілеріне сәйкес нормаларды енгізу немесе Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа шешімдері мен нұсқауларын қабылдау арқылы іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде механизмдер дайындалды.

Анықтамалық ақпарат.

Кеден одағы Кедендік кодексінің 42-бабына сәйкес, өкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, оның ішінде кедендік тасымалдаушылар, кеден өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына кедендік шекара арқылы өткізілуі ұйғарылатын тауарлар, осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келу немесе осындай аумақтан кету уақыты және орны, кеден одағының кедендік аумағына келетін немесе осындай аумақтан кететін жолаушылар туралы алдын ала ақпаратты электрондық түрде ұсынуы мүмкін.

Кеден одағы кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат беру мен алмасу туралы Келісім негізінде алдын ала ақпарат беру міндеті көліктің қандай түрімен тауар тасымалдауына байланысты Кеден Одағы комиссиясының 2010 ж. 21 мамырдағы шешімімен анықталады.

Кеден одағының кедендік аумағына автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпарат беру Кеден одағы Комиссиясының 2011 ж. 9 желтоқсанындағы № 899 «Кеден одағының кедендік аумағына автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпарат беруді енгізу туралы» Шешіміне сәйкес 2012 ж. 17 маусымында енгізілді.

Қазіргі уақытта «Кеден одағының кедендік аумағына теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпарат беруді енгізу туралы» шешім жобасын жасау жұмысы аяқталды және Кеден одағының кедендік аумағына авиация көлігімен тасымалданатын тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпарат беруді енгізуге қатысты осыған ұқсас Шешім жобасын дайындау басталды.