Жүйеге кіру
Ақпараттық технологиялар белсенді түрде пайдаланылмаса, замани логистиканың болуы мүмкін емес

Ақпараттық технологиялар белсенді түрде пайдаланылмаса, замани логистиканың болуы мүмкін емес

Документ Microsoft Word (2).docx.JPG
01.10.2019

IV «Еуразиялық апта – 2019» халықаралық көрме форумының қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағындағы логистикалық коммуникация жүйелерін жаңғырту және кедендік өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

«Еуразиялық апта – 2019» форумы шеңберінде «ЕАЭО-ның логистикалық және кедендік инфрақұрылымы» панельдік сессиясы болып өтті, оның модераторы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Бактыбек Байсеркеев болды. Сессияға ЕЭК-тің Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нурлан Акматов, Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) бас хатшысының орынбасары Рикардо Тревино, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бишкектегі Бағдарламалық офисінің басшысы Пьер фон Аркс, сондай-ақ Одақтың және халықаралық ұйымдардың бейінді құрылымдарының өкілдері қатысты.

Сәлемдесу сөзінде Нурлан Акматов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құрылғаннан бергі бесжылдық кезең ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдары интеграцияның қағидатты түрде жаңа деңгейіне көшті, деп атап өтті: «Кедендік реттеу саласындағы бірыңғай саясат кеден органдарынан кедендік әкімшілік ету, өткізу пункттерін абаттандыру, ақпараттық кедендік технологияларды пайдалану сияқты салаларда интеграция жолымен тұрақты қозғалысты талап етеді».

Рикардо Тревино халықаралық сауданы жеңілдетудің басты міндеті әртүрлі елдердің кедендік құрылымдарының құралдары мен стандарттарын үндестіру деп санайды. «Бұл орайда біз халықаралық сауда неғұрлым ашық әрі еркін болуы үшін бір бірімізбен таңдаулы практикалармен бөлісіп отыруға тиіспіз», – деді Рикардо Тревино.

Бұл позицияны Бактыбек Байсеркеев қолдады, ол ақпарат алмасу мен жаңа цифрлық технологияларды ендіру кедендік және логистикалық инфрақұрылымды жетілдірудің түбірлі факторы деп атады.

«Жедел, тұрақты, ашық ақпарат алмасу болмаса, логистиканың дамуын елестету қиын. Бұдан бөлек, осы технологиялардың дамуының арқасында логистика дамыған елдер нарығында үстем сала болып отыр», – деген сенімде Бактыбек Байсеркеев.

Қатысушылар ЕАЭО елдеріне іске асырылған кедендік рәсімдерді жеңілдету шараларын талқылады. Аталып өткеніндей, осы сәтке Одақ мемлекеттерінің кедендік құрылымның техникалық элементтерін жарақтандыруға қойылатын талаптарды қалыптастыру мәселелеріндегі өкілеттіктерін бөлу аяқталды. Бұдан басқа, ЕЭК деңгейінде ЕАЭО сыртқы шекарасындағы халықаралық өткізу пункттерін замани бақылау құралдарымен жабдықтау жөнінде, кедендік инфрақұрылымға қойылатын типтік талаптар жөнінде, сондай-ақ шекараларда мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі жөнінде шешімдер мен ұсынымдар әзірленуде.

«Біз ЕАЭО сыртқы шекарасындағы кедендік бақылаудың технологиялық кешендерінің алуан түрлерін қолдану жөнінде шешімдер мен ұсынымдар әзірледік және әзірлеуді жалғастырудамыз, кейбір құжаттар бірнеше жылдан бері ойдағыдай қолданылып та келеді. Комиссия өткізу пункттерін жарақтандыру, озық технологияларды ендіру мониторингі мәселесіне маңызды орын беріп келеді. Бұл мәселелерді шешу мемлекеттік бақылаушы органдар мен бизнес арасындағы сенімді арттыруға мүмкіндік береді, ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Біз бақылауды шекараны кесіп өтетін көлік тасқынының жылдамдығын кемітпей жүзеге асыруға тиіспіз», – деп әңгімеледі ЕЭК Кедендік инфрақұрылым департаментінің кеңесшісі Игорь Банных.

Алайда әзірше бірқатар проблемалар қалып отыр, оларды шешу, кездесуге қатысушылардың пікірінше, ЕАЭО елдерінің интеграция процесіне елеулі түрде оң әсер ете алады. Олардың арасында – ақпараттық технологияларды кедендік органдарға ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік бақылаушы органдарға да ендіру қажеттігі бар.

«Қазірдің өзінде тауар декларациясын автоматты тіркеу пайдаланылады, осындай жүйе транзиттік жүктерге қатысты тестілеуден өтуде. Проблема мынада – декларацияны ұсыну өзге бақылаушы органдардың құжаттарымен сүйемелденіп жүреді және кедендік операциялардың адамның қатысуынсыз одан әрі дамуы бұл органдармен ақпараттық өзара іс-қимылдың көлемі мен сапасына байланысты», – деп санайды ЕЭК Кедендік инфрақұрылым департаменті кедендік ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Александр Галанаматис.

Ол меморгандардың жұмысына ақпараттық технологияларды ендіру екі фактормен шектелетінін атап өтті. Біріншісі – қаржыландыру, ал екіншісі – бұл органдардың цифрлық негізде жұмыс істеуге ықыласының бар болуы. Осы соңғысы ЕАЭО елдерінің барлық құрылымдарында бірдей байқалып отырған жоқ.

Осымен бірге, кеден саласындағы электрондық құжат айналымы мәселесін қалай шешуге болатынының үздік мысалы тауарлардың келгені туралы алдын ала хабардар етудің жаңа тәсілдемелерін қолдану болып табылады.

 «Алдын ала хабардар ету процесінің бірегейлігі – пайдаланылатын құжаттардың қағаз аналогтары болмады, жоқ және болмайды. Бұл қағазсыз құжат айналымын дамыту жолындағы орасан зор сапалық қадам», – деп бағамдайды ЕЭК Кедендік инфрақұрылым департаменті кедендік ақпараттық технологиялар бөлімі бастығының орынбасары Алексей Гавричев.

Қатысушылар кеден саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді бірлесіп реттеу үшін алдағы өзара іс-қимыл жолдарын айқындады.

Анықтама 

«Еуразиялық апта» форумы ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы форум Бішкекте (Қырғызстан) өтті. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бес жылдығының қорытындыларын талқылауға бағдарланды. «Еуразиялық апта» бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаңды қамтыды. Форумға 2000-нан астам адам қатысты.

 

Қосымша ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.​