Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Карине Минасян: «Көліктегі «цифрды» дамыту көптеген субъектілер мен цифрлық платформалардың барынша тең құқықты интеграциясымен бірге орталықтандырылмаған сценарий бойынша жүруге тиіс»

ЕЭК министрі Карине Минасян: «Көліктегі «цифрды» дамыту көптеген субъектілер мен цифрлық платформалардың барынша тең құқықты интеграциясымен бірге орталықтандырылмаған сценарий бойынша жүруге тиіс»

ЦТК_ЕРЕВАН_2019_30.09.jpeg
01.10.2019
 

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Карине Минасян Ереванда басталған «Еуразия континентінің көлік әлеуеті» халықаралық форумы шеңберіндегі «Бірыңғай Еуразиялық көлік-логистика жүйесі – көлік әлеуетінің негізі» панельдік сессиясында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін құрудың негізгі идеясы мен тәсілдемелерін ұсынды.

«Көліктегі «цифрды» дамыту көптеген субъектілер мен цифрлық платформалардың барынша тең құқықты интеграциясымен бірге орталықтандырылмаған сценарий бойынша жүруге тиіс, – деп атап көрсетті ЕЭК министрі. – Ақпараттық өзара іс-қимылдың бірыңғай стандарттарын әзірлеуде, экожүйе қатысушыларына қойылатын талаптарды айқындауда және осы талаптар шеңберінде олардың арасындағы жанды бәсекелестікті қамтамасыз етуде мемлекеттердің рөлі мен реттеуі жеткілікті және қажет».

Панельдік сессиядағы талқылаудың негізгі тақырыптары: көлікті және логистиканы цифрландыру, сондай-ақ ЕАЭО-ның транзиттік мүмкіндіктерін өсіре түсудің түбірлі факторы ретінде жеткізілімдердің көлік-логистика тізбектерінде өтпелі цифрлық технологияларды қолдану.

Панельдік сессияға сондай-ақ Армения Республикасы Жоғары технологиялы өнеркәсіп министрі Акоп Аршакян, ЕЭК-тің Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко, Армения Өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Арсен Казарян, «БАМАП» халықаралық автомобиль тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Николай Боровой, «Біріккен көлік-логистика компаниясы – Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ басқарма төрағасы, бас директоры Алексей Гром, «Цифрлық логистика» ЖШҚ бас директоры Александр Кочуков қатысты.

Пікірсайысқа қатысушылар көлік саласында бірлескен Еуразиялық цифрлық жобаларды іске асыруға мүдделілік туралы мәлімдеді, ЕАЭО деңгейінде шешу талап етілетін проблемалар туралы әңгімеледі, көлік-логистика кешеніндегі цифрлық өзгерістерді қолданудың тиімділікті арттырудың басты құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі бар кедергілерді, тосқауылдарды және шектеулерді алып тастау механизмі ретінде де маңызды екенін атап көрсетті.​