Жүйеге кіру
Тигран Саркисян ЕАЭО елдері лидерлеріне Одақтағы көлік-логистика құнының деңгейін төмендету үшін бірқатар қадамды іске асыруды ұсынды

Тигран Саркисян ЕАЭО елдері лидерлеріне Одақтағы көлік-логистика құнының деңгейін төмендету үшін бірқатар қадамды іске асыруды ұсынды

IMG06777.jpg
01.10.2019

Жаһандық өлшемде логистика және көлік саласы бір орнында тұрмайды және революциялық өзгерістерді бастан кешіреді. Бұл бағыттың Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) үшін айрықша мәні бар және Одақта көлік-логистика жүйесін дамыту үшін бірнеше маңызды қадамды іске асыру қажет. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 1 қазанда Ереванда «Еуразия континентінің көлік әлеуеті» халықаралық форумында мәлімдеді.

Іс-шараға Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері – Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян қатысты. Сондай-ақ ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттің басшысы ретінде Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани панельдік сессияның қатысушылары болды.

Тигран Саркисянның сөзінше, ЕАЭО алдында тұрған негізгі жаһандық сын-қатер замани цифрлық платформалар мен экожүйелердің халықаралық еңбек бөлінісінің логикасын, бизнес пен мемлекетті басқарудың моделін өзгерткенінде болып отыр. Олар делдалдарды «жоқ қылады», ескі функциялар мен процестерден бас тартады, қозғалысты жылдамдататын және тауарлар тасымалына жұмсалатын шығыстарды қысқартатын сапалық жаңа, соның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынады. Үлкен деректер ауқымының жинақталуы, жасанды интеллект негізінде шешімдер қабылдау процестерін ендіру арқасында платформа иелері орасан көп адамдар мен кәсіпкерлердің тұтынушылық сұратымын қалыптастырады.

ЕЭК Алқасының Төрағасы осыған байланысты ЕАЭО-да бәсекелестіктің аса маңызды индикаторы болып табылатын көлік-логистика құнының деңгейін төмендету үшін бірқатар қадамды іске асыруды ұсынды.

Мұның шешімі көлік-логистика операцияларының қағаздың ілесе жүруінен бас тартуы және деректер алмасуға толық көшу бола алады. «Бұл үшін трансшекаралық сенім кеңістігінің толық мәнді жүйесін әзірлеу және ендіру қажет. Екінші – бұл ұлттық операторлар мен акторларға да, сол сияқты әріптестерге де түсінікті көлік-логистика сервистері үшін бірыңғай стандарттар жасау. Үшінші – тасымалдаушылардан әкімшілік жүктеменің салмақты үлесін алып тастайтын, деректерді талдауға негізделген қадағалаудың өтпелі интеграцияланған жүйесіне көшу», – деп мәлімдеді Тигран Саркисян.

ЕЭК Алқасының Төрағасының пікірінше, Одақ кеңістігінде жаһандық ойыншылар үшін реттеуші нормаларды әзірлеу қажет. Олардың қызметі Одақ үшін ашық болуға және ЕАЭО компанияларына қолданылатын нормалармен реттелуге тиіс. Бұл салық салу, қауіпсіздік, тарифтік реттеу, алгоритмдерді ашу және басқа көптеген мәселеге қатысты.

«Бүгіннің өзінде біздің көлікті дамыту және логистика жөніндегі жобаларымыздың негізіне цифрлық шешімдер мен технологиялар: басқарудың жаңа модельдері, үлкен деректер, жасанды интеллект, процестерді автоматтандыру және т.б. қойылуға тиіс. Егер біз мұны жасамайтын болсақ, біз жасаған жаңа нәрсенің бәрі іске қосылған сәтінде ескірген әрі бәсекеге қабілетсіз болып қалады», – деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы.

Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан іске қосылған цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін құру жобасы жаһандық сын-қатерге жауап болып табылады. Оны әзірлеуге ЕАЭО елдерінің ірі әзірлеушілері қосылды. Ол транзиттік және логистикалық жүйелерді Одақтың көлік дәліздерінің цифрлық экожүйесіне реконструкциялаудың алғашқы өңірлік жобасы болады. Жоба шығындарды елеулі түрде кемітуге де, сол сияқты транзит процесі мен бөлуді оңтайландыруға да әкелуге тиіс. Оның ЕАЭО елдерінің цифрлық егемендігін бағамдайтыны маңызды.

Келесі кезең Еуразиялық көлік-логистика экожүйесін жаһандық жүйеге кіріктіру болуға тиіс. Тигран Саркисянның пікірінше, қазірдің өзінде бұл жобаға ЕАЭО-ның басқа әріптестері де қосыла алады. ЕЭК Алқасының Төрағасы Одақ елдері лидерлерін қосымша ресурстар бөлуге, ұлттық даму банктерін тартуға, бірлескен іс-қимылды үйлестіру үшін ортақ құрылым ұйымдастыруға шақырды. «Еуразиялық өршілдіктерді іске асыру үшін жаңа тиісті институттар қажет», – деп түйіндеді ол.

Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян екі күндік жұмыс қорытындылары бойынша Форум декларациясында жазылған ережелерді айтып өтті.

Атап айтқанда, ол транзиттік мүмкіндіктердің кооперациясы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық ынтымақтастығын тереңдетуге қосымша қозғау салады және интеграциялық бірлестікті одан әрі дамытудың маңызды құралы болып табылады деп мәлімдеді.

«Көлік байланыстарының, Солтүстік – Оңтүстік және Батыс – Шығыс көлік дәліздерінің орнықты әрі тиімді дамуына, – деді Никол Пашинян, – және осыған байланысты ЕАЭО-ның көршілес елдермен және өңірлік бірлестіктермен өзара іс-қимылының, соның ішінде трансұлттық жобалар шеңберінде тереңдеуіне айрықша маңыз бере отырып, сыртқы әріптестермен және бірлестіктермен экономикалық қатынастарды жан-жақты дамытуды ЕАЭО-ның ойдағыдай жұмыс істеуінің маңызды құрауышы және бүкіл Еуразиялық континенттің көлік әлеуетін дамытудың маңызды факторының бірі деп қарайтынымызды мәлімдейміз».

Армения Республикасының Премьер-министрі ЕАЭО мемлекеттерінің үйлестірілген көлік саясатын одан әрі жүзеге асыру жөніндегі тиісті күш-жігерінің өзектілігін растады.

Анықтама

«Еуразия континентінің көлік әлеуеті» халықаралық форумы Одақ елдері жыл сайын өткізуге ниеттеніп отырған ЕАЭО-ның алғашқы форумы болды. Мұнда елдер лидерлері мен кәсіпкерлік қоғамдастықтар өкілдері жиналады деп жоспарлануда.

ЕАЭО үшін көлік және логистика саласы айрықша маңызға ие. Одақ мемлекеттерінің басшылары ЕЭК алдына тараптардың үкіметтерімен бірлесіп 2025 жылға қарай көліктің барлық түрімен тасымал кезіндегі қазіргі бар шектеулерді алып тастау жөнінде өршіл міндет қойды. Комиссия 2017 жылы қабылдаған екі «жол картасы» осы міндетті шешуге бағытталған.

Заңнама кезең-кезеңімен үндестіріледі, қадағалаушы органдардың ынтымақтастығы тереңдейді. 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ЕАЭО Кеден кодексі электрондық транзит, электрондық декларациялау, автоматты тіркеу және тауарлар шығару сияқты логистика мен транзиттің дамуы үшін маңызды механизмдерді беркітті.​