Жүйеге кіру
Ханойда алғашқы "Еуразиялық экономикалық одақ - Вьетнам" бизнес-форумы өтті

Ханойда алғашқы "Еуразиялық экономикалық одақ - Вьетнам" бизнес-форумы өтті

28.11.2015

25 қарашада Ханойда (Вьетнам) өзара сауда-саттықты дамытуға бағытталған алғашқы "Еуразиялық экономикалық одақ - Вьетнам" бизнес-форумы өтті.

ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісім ынтымақтастықтың сауда-экономикалық әлеуетін толықтай ашуға мүмкіндік береді. Алдын ала жасалған бағалаулар бойынша 2020 жылға қарай Тараптардың арасындағы сауда айналымы қазіргі 4 млрд.АҚШ долларынан 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаюы мүмкін.

"Біз ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы екіжақты қатынастардың ағымдағы мәртебесін және Еркін сауда туралы келісімнің кәсіпкерлерге беретін жаңа мүмкіндіктерін барынша толығырақ көрсетуге тырыстық. Форум алаңында орнаған іскерлік байланыстар екіжақты жобалардың ЕАЭО аумағында да, Вьетнамның аумағында да дамуына жағдай жасайды", - деп Еуразиялық экономикалық комиссиясы делегациясын бастап барған ЕЭК Сауда саясаты департаментінің директоры Андрей Точин мәлімдеді.

Форумда ЕАЭО мемлекеттерінің 50 астам компаниясы, 100 шақты вьетнамдық компания, Одақ елдері мен Вьетнамның бизнес-қауымдастықтарының өкілдері, дипломатиялық миссиялардың қызметкерлері, Тараптардың министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.

Форумның қонақтары арасында "Силовые машины", «Газпром Нефть», «Камаз», «Русал», «ОАК», «ВТБ» банкі, «РЖД» сияқты және т.б. компаниялар болды. Вьетнам тарапвнан Vinacomin, Petrovietnam, Vietsovpetro, VietJetAir, Вьетнамдық инвестиция және даму банкі секілді ірі компаниялар қатысты.

Форумның жеке бөлігі кәсіпкерлер арасында іскерлік қатынасты орнатуға арналды. "Қатынастар жәрмеңкесі" шеңберінде ауыл шаруашылығы, машина жасау, авиақұрастыру, автомобиль жасау, мұнай-химия, құрылыс және қаржы сияқты салалардың мүддесін ұсынып отырған ЕАЭО компаниялары өздерінің өнімдерін және жобаларын таныстырып өтті.

Форумды Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі, Мәскеу қ. Халықаралық сауда орталығы және Вьетнамның сауда өнеркәсіп палатасының көмегімен Вьетнамның өнеркәсіп және сауда министрлігімен бірлесе отырып Еуразиялық экономикалық комиссиясы өткізді.