Жүйеге кіру
2015 жылы ЕАЭО мемлекеттері бюджеттерінің арасында кедендік әкелу баждарын бөлу тәртібі сақталды

2015 жылы ЕАЭО мемлекеттері бюджеттерінің арасында кедендік әкелу баждарын бөлу тәртібі сақталды

01.12.2016

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің уәкілетті органдары өткен жылы жалпы алғанда мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарын бөлу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етті. ЕАЭО елдерінің жоғары қаржылық бақылау органдарының алқасында 2015 жылы Кедендік әкелу баждарының сомасын есепке жатқызу және бөлу, оларды ЕАЭО мүше мемлекеттерінің бюджеттері кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың орындалуын тексеру қорытындысы бойынша осындай тұжырым жасалды.


Кездесуге қатысушылар, бұл ретте Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының жоғары қаржылық бақылау органдарына кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу бойынша бірқатар мәселелерді қосымша пысықтау міндетін жүктелгенін атап өтті.


ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің директоры Тигран Давтян: «Кедендік әкелу баждарының (барабар қолданыстағы өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомасын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің бюджеттері кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері жөнінде бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізу туралы келісім жобасы мемлекетешілік келісуді аяқтау кезеңінде», – деп хабарлады.


ЕЭК өкілі Комиссияның Қаржы саясаты департаменті төлеу жөніндегі міндеттеме Одақ туралы шарт күшіне енгенге дейін пайда болған, қазіргі кезде Одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру бойынша өрістетілген жұмыс шеңберінде арнайы қорғау және демпингке қарсы бажды бөлу мәселелерін шешуге бастама білдіргенін айтты. Бұл мәселені мүше мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары көтеріп отыр. 


Тигран Давтян Комиссияның 2014 жыл ішіндегі тексерулер нәтижелері бойынша есепте көрініс тапқан жоғары қаржылық бақылау органдарының бірқатар ұсыныстарын іске асырылуы туралы да хабардар етті. Мәселен, ЕЭК әріптес елдердің қазынашылық және орталық кеден органдарымен бірлесіп,  ЕАЭО кедендік әкелу баждарының төленген, есепке жатқызылған және бөлінген сомалары туралы мәліметтермен электронды түрде алмасуды ұйымдастыру, сондай-ақ ЕЭК-те тиісті дерекқор қалыптастыру жөніндегі интеграцияланған ақпараттық жүйесінің үш ортақ процесін іске асыру үшін қажетті технологиялық құжаттарды дайындады.