Жүйеге кіру
Биылғы жылдың 5 желтоқсанында табиғи теріден жасалған бұйымдардың қалдықтарын таңбалау мерзімі аяқталады

Биылғы жылдың 5 желтоқсанында табиғи теріден жасалған бұйымдардың қалдықтарын таңбалау мерзімі аяқталады

01.12.2016

Осы жылғы 5 желтоқсанда табиғи теріден жасалған бұйымдар қалдықтарын таңбалау мерзімі аяқталады. Таңбаланбаған тауарлар айналымы үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.


Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі тауарларды таңбалаудың бірыңғай жүйесі «жосықсыз» өндірушілермен және тауарлардың заңсыз айналымымен күресуге арналған. Жобаны заңсыз айналым үлесі шамамен 70-80% деп бағаланатын тондар мен теріден тігілетін басқа да бұйымдарға пилоттың режимде тестілеу туралы шешім қабылданды.


Пилоттық жоба үстіміздегі жылғы 1 сәуірде басталды. ЕАЭО-ның барлық елдері келісімді ратификациялағанға дейін оған қатысу ерікті болды. Тері бұйымдарын таңбалау үшін арнайы RFID-ендер  (Radio Frequency IDentification) енгізілген болатын. Олар бұйым туралы ақпарат сақталатын микрочипі бар құрылғыны білдіреді. ЕАЭО-да осы жылғы 12 тамыздан бастап тері

 бұйымдарын таңбалау міндетті болды.


ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишинаның пікірінше, контрафактімен күрес шеңберінде бұл шараны енгізу өзін толықтай ақтады.


«Келісім қолданысының біржарым айы ішінде 6 млн.-ға  жуық бақылау белгісіне тапсырыс беріліп, олар жасалды, бұл 2015 жылдағы тері бұйымдарының айналымы бойынша Росстаттың ресми статистикасынан 16 есе асып түседі, сондай-ақ  өнім өткізу бойынша салалық қауымдастықтардың 2016 жылға арналған болжамдарынан 2 есеге көп. Тері бұйымдарын бөлшек саудада өткізу 2015 жылдың осындай кезеңіндегі маркетингтік зерттеулер көрсеткіштерінен 2,5 есеге асып түсті.


Тауарларды таңбалаудың алғашқы үш айында тері бұйымдары нарығы көлемінің өскенін атап өту керек. Ресей Федерациясында тауарлардың заңды айналымының өсуі 488% құрады, ал нарықты «ағарту» үлесі 244%-ға жетті», - деп баса айтты Вероника Никишина. Сөйтіп, қазірдің өзінде тауарлардың заңды айналымының өсуі 859% құрайды. Ресей тарапының  ақпараттық жүйесінде шамамен 7700 субъекті тіркелді. Бұл ретте нарықққа қатысушылардың 20%-ы (бұрын салық органдарына есептілік тапсырмайтындар) өз бизнесін заңдастырды.


Тері бұйымдарын таңбалау туралы талап оларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде шетелден әкелген немесе ЕАЭО елдерінде бөлшек сауда шеңберінде сатып алған жеке тұлғаларға қолданылмайды. Келісім кәсіпкерлік қызмет мәселелерін ғана реттейді.